Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»ЛРТ-ның алғашқы вагондары рельстерге қойылып жатыр
    Жаңалықтар

    ЛРТ-ның алғашқы вагондары рельстерге қойылып жатыр

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова11.06.202532 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Астанаға жақында ғана келген көк вагондар арнайы техника көмегімен рельстерге орнатылып жатыр. Олар қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосуға дайындалуда, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Елордаға жеңіл рельсті көліктің алғашқы екі құрамы жеткізілді. Әрбір құрам төрт вагоннан тұрады және олар арнайы жабдықталған автотрайлерлермен жеткізілді.

    «Вагондар Қытайдың Таншань қаласында өндірілген. Автокөлікпен жеткізу Қытай мен Қазақстан аумағы арқылы өтетін, ұзындығы 5 300 шақырымнан асатын маршрутпен жүзеге асырылды. Барлық жол 10 күнге созылды. Вагон бөліктерін автотрайлер платформаларына тиеу зауытта крандардың көмегімен жүргізілді», — деп хабарлады қалалық көлік жүйесінде.

    Қалалық көлік жүйесінің мәліметінше, ұзындығы 60 метрге жуық пойыздар толықтай автоматтандырылған GOA 4 жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе пойыздардың есіктерін өздігінен ашып-жабуға, тоқтауға және жылдамдықты арттыруға, депоға кіріп-шығуға, вагондардың жай-күйі мен арақашықтығын бақылауға мүмкіндік береді. Басқару жүйесі толықтай пилотсыз, алайда операторлар олардың жұмысын үнемі бақылап отырады. Жолаушылардың жайлылығы мен қозғалыс сапасын арттыру үшін вагондар өндірісінде заманауи, жеңіл және берік материалдар пайдаланылған.

    Жылжымалы құрамның жалпы техникалық сипаттамалары:

    ұзындығы: 59,97 м,

    ені: 2,8 м,

    биіктігі: 3,8 м,

    қуат көзі: үшінші рельс, 750 В,

    сыйымдылығы: 600-ден астам жолаушы,

    ең жоғары жылдамдық: 80 км/сағ,

    орташа пайдалану жылдамдығы: 39,5 км/сағ,

    салмағы: 94 т (жолаушыларсыз).

    Вагондарды сатып алу және жеткізу EPC-шарт аясында жүзеге асырылды, қосымша бюджет қаржыландыруы қажет болмады.

    Еске сала кетейік, биылғы жылдың қыркүйек айында техникалық іске қосудан кейін ЛРТ-ның жолаушылар тасымалына арналған толыққанды іске қосылуы 2026 жылдың көктеміне жоспарланып отыр.

    LRT Астана Вагон
    Previous ArticleҰл мен қыз тәрбиелейтін ұлттық бағдарлама қабылдау керек – Ардақ Назаров
    Next Article «4 жасымда кеттім»: АҚШ-тағы қазақ баласы жан сырын ақтарды
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда

    21.06.2025

    Шымкентте «шоколадпен қапталған құлпынайды» жалған жарнамалағандар сотталды

    20.06.2025

    Польша чемпионатында ойнаған Георгий Жуков келіссөз жүргізу үшін Ақтөбеге келді

    20.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.