Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Каспий теңізінде сапбордпен жүзген екі бала жоғалып кетті
    Жаңалықтар

    Каспий теңізінде сапбордпен жүзген екі бала жоғалып кетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова27.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: видеодан скриншот


    Маңғыстау облысында сапбордпен жүрген екі жасөспірім жел күшейіп, жағадан алысқа ығып кеткен. Балаларды жергілікті тұрғындар өз күштерімен іздеп тауып, аман-есен жағаға жеткізді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Lada.kz жазуынша, оқиға 27 тамыз күні таңертең Қызылөзен ауылы маңында болған. Ауылдың WhatsApp тобына теңізде екі баланың жоғалғаны туралы көмек сұраған хабарлама түскен.

    Ерікті Бекзат Сейдахметтің айтуынша, жасөспірімдер жағалау маңында сапбордпен жүзіп жүрген кезде кенеттен жел көтеріліп, оларды ашық теңізге қарай алып кеткен.

    «Оқиғаны естіген ауыл азаматтары бей-жай қарап отырмай, дереу іске кіріседі. Нәтижесінде ауыл тұсынан Форт-Шевченко бағытына қарай шамамен 3 км, жағадан тереңдікке қарай 1.5-2 км шамасында екі жасөспірім құтқарылды», – деп жазды ерікті.

    Балаларды іздеуге жергілікті тұрғындар моторлы қайықпен шыққан. Біраз уақыттан кейін олар екі жасөспірімді тауып, қауіпсіз жерге жеткізген.

    Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті де оқиға туралы хабарлама түскенін растады. Құтқарушылар оқиға орнына шыққанымен, жолда балалардың жергілікті тұрғындар тарапынан табылғаны белгілі болған.

    Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

    Previous ArticleАстанада бес жасар бала терезеден құлап кетті
    Next Article Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.