Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Импичмент жарияланған Оңтүстік Корея президенті қызметінен босатылды
    Жаңалықтар

    Импичмент жарияланған Оңтүстік Корея президенті қызметінен босатылды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин04.04.202511 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Конституциялық сот Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге қатысты импичментті заңды деп танып, оны қызметінен босатты. Бұл шешім 2024 жылдың желтоқсан айында әскери төтенше жағдай енгізуге талпынғаны үшін қабылданды, деп хабарлайды salemnews.kz  Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

    Yohnap агенттігінің мәліметінше, сот шешімі дереу күшіне енген. Осыған байланысты елде 60 күн ішінде кезектен тыс президенттік сайлау өтуі тиіс. Алдын ала болжам бойынша, сайлау 3 маусымға белгіленуі мүмкін.

    Өткен жылдың 3 желтоқсанында президент Юн Сок Ёль оппозицияны “мемлекетке қарсы әрекет жасады” деп айыптап, елде әскери төтенше жағдай жариялады. Ол әскери күштер мен полиция қызметкерлерін Ұлттық жиналыс ғимаратына жіберіп, депутаттардың бұл жарлықты жою туралы дауыс беруіне кедергі келтірді және бірқатар саясаткерлерді қамауға алуға бұйрық берді.

    Бұған жауап ретінде депутаттар, оның ішінде билеуші партия мүшелері де, жиналып, әскери төтенше жағдайды жою жөнінде бірауыздан шешім қабылдады. Артынша, желтоқсанның ортасында Ұлттық жиналыс президентке Конституция мен заңдарды бұзды деген айыппен импичмент жариялады.

    Сот Юн Сок Ёльге тағылған айыптардың басым бөлігін негізді деп тапты. Атап айтқанда, оның әскери төтенше жағдай енгізуге ешқандай заңды құқығы болмағанын және қарулы күштерді парламенттің жұмысына кедергі жасау үшін пайдаланғанын анықтады.

    Қазіргі таңда 64 жастағы Юн Сок Ёльге “бүлік жасауға талпынғаны” үшін қылмыстық іс қозғалып отыр. Ол – Оңтүстік Корея тарихында қызметтегі кезінде тұтқындалған алғашқы президент.

    импичмент Корея Президент
    Previous ArticleЭкс-дипломат Сәкен Мамаш Астанада ұсталды
    Next Article Президент жаһандық жылынуға қатысты пікір білдірді
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.