Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Хайп қуамын деп дипломын жыртқан түлек қамауға алынды
    Жаңалықтар

    Хайп қуамын деп дипломын жыртқан түлек қамауға алынды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова15.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөзден


    Алматыда әлеуметтік желіде «дипломын жыртып тастаған» түлек әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері TikTok платформасына жүргізілген мониторинг барысында қоғамда қызу талқыланған бейнежазбаны анықтаған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Видеода қаладағы жекеменшік колледждердің бірін тәмамдаған жас жігіт диплом табыстау рәсімінен кейін көпшіліктің көзінше диплом мұқабасына ұқсас затты жыртып тастайды. Жарияланым қысқа уақыт ішінде интернетте кең тарап, желі қолданушыларының наразылығын туғызған.

    Оқиғаға қатысты тексеру жүргізген полиция бейнежазбада дипломның түпнұсқасы жыртылмағанын анықтады. Түлектің дипломы, оған қоса берілетін қосымшасы және оқу орны табыстаған ресми мұқаба бүлінбеген.

    Белгілі болғандай, роликті түсіру үшін алдын ала дайындалған диплом мұқабасының көшірмесі пайдаланылған. Яғни бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аудару мақсатында қойылым ретінде түсірілген.

    Соған қарамастан полиция жарияланымның қоғамда түрлі пікір туғызып, азаматтарды жаңылыстырғанын атап өтті. Бейнероликтің кеңінен таралуы тексеру жүргізуге негіз болған.

    Тексеру қорытындысы бойынша видео авторына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде жарияланатын ақпараттың шынайылығына мән беруге шақырды. Сондай-ақ қаралым жинау мақсатында жалған немесе жаңылыстыратын бейнежазба тарату заңда белгіленген жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

    Previous ArticleТуристер ChatGPT-дің кесірінен тауда қалып қойған
    Next Article Павлодарда алаяқтар торттың ішіне жарылғыш зат салып, зейнеткерлерге берген
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.