Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Ерекше толқып тұрмын»: Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты сүйіншіледі
    Жаңалықтар

    «Ерекше толқып тұрмын»: Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты сүйіншіледі

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    instagram.com/zhazira_bairbekova


    Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Өнер иесінің қызы Дара биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа барды. Әнші қызының өміріндегі маңызды сәтке байланысты әсерлі жазба арнап, ақ тілегін жеткізді.

    «Бүгін мен үшін ерекше, жүрекке толқыныс сыйлаған күн… Даратайым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қадам басты. Кеше ғана балабақшаға қолынан жетектеп апарған кішкентай балапаным, бүгін білім атты үлкен әлемнің есігін ашып тұр», – деп жазды ол.

    Жазира Байырбекова қызының білім жолы ашық болып, болашағы жарқын болсын деген тілегін де білдірді.

    «Қадамың құтты болсын, құлыным! Білім жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Әрдайым жүзіңнен күлкі, жүрегіңнен мейірім, бойыңнан әдеп пен тәрбиені жоғалтпағайсың. Алғашқы қоңырауың құтты болсын, Даратайым!» – деді әнші.

    Өнер иесі қызына мектепте білімнің биік шыңдарын бағындыруды тіледі.

    Жазбаны көрген желі қолданушылары да Дараға сәттілік тілеп, жаңа оқу жылымен құттықтады.

    Previous ArticleСарыөзек – Көктал тасжолындағы апаттан алты адам қаза тапты
    Next Article Алматыда жол талғамайтын көлікті тізгіндеген оқушы үйдің қоршауын қиратты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.