Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім «Оқу-өндірістік комбинаттар» жобасының түлегі атанды
    Жаңалықтар

    Ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім «Оқу-өндірістік комбинаттар» жобасының түлегі атанды

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова18.06.202513 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: “AMANAT” партиясының баспасөз қызметі.

    Құлақ тұндырған қошемет, ата-аналардың көз жасы: ерекше білім беруді қажет ететін 28 жасөспірім кәсіптік оқудан өткені туралы алғашқы куәліктерін алды. Олар «AMANAT» партиясының қолдауымен «Bolashak Charity» қоры жүзеге асырған «Оқу-өндірістік комбинаттар» жобасының түлегі атанды. Бес ай Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде білім алған балалар «Аспаз», «Кондитер», «Тігін өндірісі және киім моделі» бағыттары бойынша дағдыланды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев бұл жай ғана әлеуметтік жоба емес, қоғамның ерекше қажеттілігі бар адамдарға деген көзқарасын өзгерту жолында жасалған нақты қадам екенін атап өтті.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек екенін айтқан болатын. «AMANAT» партиясы Президенттің инклюзивті қоғам құру жолындағы байыпты бағытын ұстанады. Соған сәйкес, әрбір адам, физикалық немесе психикалық ерекшелігіне қарамастан, дамуға тең құқылы. Біз жалаң сөзбен шектелмейміз: «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырамыз, заңнамаларға бастамашылық етеміз, осыған ұқсас жобаларға қолдау көрсетеміз. Сахнаға шыққан балалардың жанарындағы жалынды көріп, қолға алып жатқан жұмысымыздың мәні мен маңызына көз жеткізудеміз», – деді ол.

    «Оқу-өндірістік комбинаттар» жобасының мақсаты – дағдыландыру ғана емес, дамуында ерекшелігі бар жасөспірімдерге өздерін сұранысқа ие әрі тәуелсіз сезінуге көмектесу. Оқу барысында олар қолөнерді игерді. Ең бастысы, олардың өз-өзіне деген сенімі пайда болды. Оқытушыларымен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауды үйренді.

    «Bolashak Charity» қорындағы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан бүгінде ақыл-ой кемістігі бар жасөспірімдерге кәсіптік білім беру мәселесі өте өзекті екенін атап өтті. Себебі тоғызыншы сыныптан кейін олардың басым көпшілігі оқуын жалғастыра алмайды. Өйткені колледж бағдарламалары мұндай ерекше балаларға арналмаған.

    «Соған байланысты, қор серіктестермен бірлесіп колледждер базасында оқу-өндірістік комбинаттардың моделін қолға алды. Онда ерекше білім беруді қажет ететін жасөспірімдер мен ересектер тәжірибе арқылы түрлі мамандықты игереді. Бір жарым жылда 70-ке жуық адам оқытылды. Ақыл-ой кемістігі бар адамдарға арналған кәсіптік білім беру ісін дамытуға ТжКБ-дағы оқу бағдарламаларын бейімдеу қадамы айтарлықтай көмек болар еді. Яғни, білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, біздің ОӨК моделіне сәйкес, теориялық бөлімді қысқарту, оқу бағдарламаларын тәжірибеге негіздеу қажет», – деді ол.

    «Наубайшы» бағыты бойынша оқыту курсынан өткен аутизмі бар түлектің әкесі Елдос Иманбаев өз оқиғасын бөлісті. Ол ұлының сабаққа ерекше құлшыныспен барғанын, пісірген нанын үйге шын мақтанышпен алып келгенін және осы уақыт аралығында қаншалықты өзгергенін айтты.

    «Бұл – жай курс емес, мектеп пен ересек өмір арасындағы көпір. Ұлым тек тағам пісіруді ғана емес, сонымен қатар команданың бір мүшесі болуды, тыңдауды, тапсырма орындауды үйренді. Өз-өзіне деген сенімі пайда болды. Біз, яғни ата-аналар үшін бұл баға жетпес бақыт», – деді ол.

    Айта кетейік, ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау – «AMANAT» партиясының басты басымдықтарының бірі. Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында медициналық мекемелердің электрондық құжаттары негізінде мүгедектікті белгілеу үдерісі заңнамалық түрде бекітілді; мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беруге арналған «Aleumet» қосымшасы іске қосылды; ерекше қажеттілігі бар 15 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды; дамуында ауытқулары бар және олардың пайда болу қаупі бар кішкентай балаларға арналған 8 ерте араласу орталығы ашылды; мектептерде 63 инклюзияны қолдау кабинеті жұмысын бастады. Партиялық рейдтер нәтижесінде Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 42 мыңнан астам әлеуметтік нысанның 44%-дан астамы бейімделді. Сонымен қатар биыл 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтілді.

    Еске сала кетейік, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар жасөспірімдер мен ересектерге арналған оқу-өндірістік комбинаттар» жобасы 2024 жылы бастау алды. Сол жылы ерекше білім беру қажеттілігі бар 34 жасөспірім оқыту курсының түлегі атанды. Олардың арасындағы 10 түлек колледжге түсіп, оқуын жалғастыруда. Ал 8 жасөспірім түрлі ұйымдарда тағылымдамадан өтіп, олардың 3-і жұмысқа орналасты.

    Ерекше білім беру Оқу-өндірістік комбинат түлек
    Previous ArticleҚасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан шығарып салды
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан шығарып салды

    18.06.2025

    Қостанай облысында шенеуніктер қызметтік көліктерді жеке мақсатта пайдаланған

    17.06.2025

    Дональд Трамп «T1» деп аталатын өз смартфонын шығармақ

    17.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.