Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Емтихансыз жүргізуші куәлігін уәде еткен тұрғын жазаланды
    Жаңалықтар

    Емтихансыз жүргізуші куәлігін уәде еткен тұрғын жазаланды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.05.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Жамбыл облысы соттары. Фото жасанды интеллект арқылы жасалған.


    Жамбыл облысында Меркі аудандық соты бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Сотталушы таныстарының арасында емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратқан. 2025 жылдың тамыз айында сотталушы азаматтардың сенімін асыра пайдаланып, жүргізуші куәлігін дайындап беремін деген сылтаумен үш жәбірленушіден жалпы сомасы 770 мың теңге ақшалай қаражат алған.

    Осылайша, жәбірленушілердің екеуіне әрқайсысына 300 мың теңгеге, ал үшінші жәбірленушіге 170 мың теңгеге жүргізуші куәлігін ресімдеуге уәде берген. Алынған ақшаны М. жеке мақсатта пайдаланып, содан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.

    Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, қарыз міндеттемелеріне байланысты қылмыс жасағанын түсіндірді. Жәбірленушілерге материалдық залал толық көлемде өтелді.

    Сот үкімімен М. ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

    Previous ArticleАлматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды
    Next Article «Өскемен – Семей» жолының 51 шақырымы жөнделіп жатыр
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.