Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Елордада Сарыбұлақ өзенін тазарту жұмысы жүріп жатыр
    Жаңалықтар

    Елордада Сарыбұлақ өзенін тазарту жұмысы жүріп жатыр

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова19.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Астана әкімдігі


    Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарыбұлақ өзенінің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Елорда әкімдігінің мәліметінше, іс-шара барысында мамандар су айдынына биологиялық препараттарды енгізу процесін көрсетті. Құрамында пайдалы микроорганизмдер бар препараттар судағы органикалық ластануды азайтуға, судың сапасын жақсартуға және су айдынының табиғи экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған.

    Сонымен қатар қатысушыларға Сарыбұлақ өзенін сауықтыру бағытында қолданылатын заманауи технологиялар мен атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат берілді.

    Қазір су айдынында экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар шара жүзеге асырылуда. Олардың қатарында жағалау сызығы мен су айдынын санитарлық тазалау, қоқыстарды жинау, су өсімдіктерін шабу, су ағысына кедергі келтіретін бөгеттерді тазарту, тұнба шөгінділерін алып тастау, суды аэрациялау, сондай-ақ пайдалы микроорганизмдер негізіндегі биологиялық препараттарды қолдану жұмысы бар.

    «Табиғи су айдындарын қалпына келтіруде биологиялық әдістердің маңызы зор. Қолданылып отырған препараттардың құрамындағы пайдалы микроорганизмдер органикалық ластануды ыдырату процестеріне ықпал етіп, судың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Биологиялық тазарту – су экожүйесінің табиғи тепе-теңдігін сақтауға бағытталған тиімді әрі экологиялық қауіпсіз тәсілдердің бірі. Сарыбұлақ өзенінде жүргізіліп жатқан жұмыстар кешенді түрде жүзеге асырылып, механикалық тазалау, аэрация және биологиялық әдістер өзара үйлестірілуде», – деді «Astana Bioscience Business Centre» ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары Садықов Азамат.

    Previous ArticleАтырауда бала қауіпсіздігіне бейжай қарамаған тұрғын мен полицей марапатталды
    Next Article Алматы тауларында мәйіт табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.