Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Елімізде заңсыз қаржы ұйымдарына қарсы күрес күшейтілді
    Жаңалықтар

    Елімізде заңсыз қаржы ұйымдарына қарсы күрес күшейтілді

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин09.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Ақорда

    Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысына 300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталғаны жөнінде баяндалды. Зардап шеккен азаматтарға 20 миллиард теңгеге жуық өтемақы қайтарылды. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 миллиард теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды. Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі – трансұлттық топ. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.

    Президентке ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолы кесілгені туралы баяндалды. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылғаны жайында айтылды. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

    Жанат Элиманов азаматтарды қаржы алаяқтарынан қорғау, қарыз жүктемесін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді. Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 миллиард теңгені құрайды. 24 қаржы пирамидасы жойылды. Алдын алу мақсатында алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталып, 22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа жастарды қылмыстық схемаларға тартудың алдын алу үшін жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар жөнінде ақпарат берілді. Атап айтқанда, 2,8 мың оқу орнындағы 567 мың оқушыға қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақ өткізілген. Мұндай жұмыстар 100 жоғары оқу орнында жүргізіліп, 100 мыңнан астам студентті қамтыған.

    Бұдан бөлек, Жанат Элиманов Парламент Мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілгенін хабарлады. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.

    Мемлекет басшысы экономикалық құқықбұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, сондай-ақ халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.

    Қаржы Тоқаев экономика
    Previous ArticleҚазақстанда кімдер қосылған құн салығын төлеуден босатылады?
    Next Article 1 100 мектепте дрондарды басқаруға үйретіледі
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.