Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Елімізде білім гранттарына өтініш қабылдау басталады
    Жаңалықтар

    Елімізде білім гранттарына өтініш қабылдау басталады

    SalemnewsSalemnews12.07.202542 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    13 шілдеден бастап Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Талапкерлер өтінімдерді электрондық үкімет порталы eGov.kz арқылы онлайн форматта тапсыра алады. Өтінімдерді қабылдау 13 шілде күні сағат 09:00-де басталып, 20 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.

    2024 жылы конкурсқа қатысу үшін талапкерлер 104 мыңнан астам өтінім берген болатын, оның ішінде 5 мыңнан астамы eGov.kz порталы арқылы жіберілді. Бұл талапкерлердің онлайн форматқа деген қызығушылығының артып келе жатқанының көрсеткіші.

    Электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру үшін талапкерлер алдын ала бірқатар құжаттарды дайындауы қажет. Өтінімге келесі құжаттардың цифрлық көшірмелері қоса тіркелуі тиіс: білім туралы құжат (аттестат немесе диплом), 3х4 форматындағы фотосурет, сондай-ақ қажет болған жағдайда дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.

    Қызмет шеңберінде жекелеген санаттағы студенттер үшін әлеуметтік қолдауға өтінім беру мүмкіндігі де қарастырылған. Мұндай жағдайда тиісті мәртебені растайтын құжаттар – мысалы, ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, мүгедектік туралы анықтамалар, жетім мәртебесін растайтын құжаттар және Қазақстан заңнамасында көзделген өзге де құжаттар ұсынылуы тиіс.

    Қызметті алу үшін пайдаланушыға келесі қадамдарды орындау қажет:

    eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Білім беру» – «Жоғары білім» бөлімін таңдау;

    «Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» қызметін таңдау қажет;

    «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу керек;

    барлық міндетті жолдарды толтырып, өтінімді қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен растау;

    жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысу. Хабарлама көрсетілген мерзімде жіберіледі.

    Қызмет көрсету нәтижесі – білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік. Құжат электрондық форматта беріледі және 2025 жылғы 5 тамыздан кешіктірілмей eGov.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады.

    Өтінімдер ағынын біркелкі бөлу және пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov.kz порталында күту парағы жаңа функциясы іске қосылды. Бұл жүйе пайдаланушыларды электрондық кезекке тіркеп, өтінім беру қызметін кезекпен ұсынады – парақты жаңартудың қажеті жоқ.

    Сонымен қатар, SMS-хабарламалар жүйесі де көзделген: өтінім беру кезінде пайдаланушы «Кезектің жақындауы туралы SMS-хабарлама жіберу» жалаушасын белгілей алады. Пайдаланушының кезегі жақындаған кезде 1414 қысқа нөмірінен тіркелген ұялы телефон нөміріне хабарлама жіберіледі. Егер нөмір мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болса, жүйе оны енгізуді ұсынады.

    Қызметке сәтті қол жеткізу үшін өтінім бермей тұрып браузер бетін жаппау немесе жаңартпау маңызды.

    Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылып, жаңғыртылды.

    грант Өтініш тізім
    Previous ArticleComic Con Astana-2025: Фестивальда анимені қазақ тіліне дубляждау мәселесі талқыланды
    Next Article Қазақстандық боксшылар «Канело» — Кроуфорд кардында жұдырықтасады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.