Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты
    Жаңалықтар

    Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова13.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    ҚТФ


    Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі спортшысы атанған қазақстандық теннисші 1/4 финалда әлемнің 73-ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездесті.

    Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Кездесу 2 сағат 39 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші тоғыз эйс жасап, алты қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

    Осылайша, Елена Рыбакина Лондондағы турнирдегі жорығын ширек финал кезеңінде аяқтады. Айта кетейік, ауа райына байланысты кейінге шегерілген алдыңғы айналымдағы матчын да ол жұма күні өткізген болатын.

    Previous ArticleӘйгілі «Барселона» академиясында тәлім алған футболшы «Қайрат» сапына қосылды
    Next Article Қытайдағы триатлоннан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.