Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ел еңсесін көтерген құрылысшылардың абыройы асқақ
    Жаңалықтар

    Ел еңсесін көтерген құрылысшылардың абыройы асқақ

    SalemnewsSalemnews14.08.202542 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласының құрылыс қарқынына өз үлестерін қосып жүрген осы сала мамандарын құрметтуге арналған арнайы шара өтті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «Өнер орталығында» Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, облыстық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, сала ардагерлері қатысты.

    Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, құрылыс саласында атқарылған жұмыстарды атап өтті.

    – Президентіміз «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек», — деген болатын. Бұл —  экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам. «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай жақында ғана Мемлекет басшымыздың Жарлығымен өңіріміздің бірқатар металлургтері, теміржолшылары мен құрылысшылары мемлекеттік наградаларға ие болды. Бұл еңбек адамдарына көрсетілген зор құрмет пен лайықты жоғары баға. «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірі Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қарқынды дамуда. Облысымыздың бюджеті 823 млрд. теңгеден асып, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті. Бұл қаражат аймағымыздағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда. Биыл 96 жобаның құрылысына бюджеттен 166 млрд. 800 млн. теңге қаржы бөлініп, 2022 жылмен салыстырғанда 8 есеге артты. Нәтижесінде құрылыс жұмыстарының көрсеткіші бойынша республикада үздіктер қатарында келеміз. Құрылыс саласында қызмет ету – бұл жай ғана мамандық емес, елге қызмет ету. Құрылысы қарымды елдің экономикасы да қуатты.  Туған жеріміз, Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, сәулеттік келбетінің жаңаруына, заманауи ғимараттардың бой көтеруіне қосқан елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге барша Сыр жұртшылығының, жеке Өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін, — деді Н.Нәлібаев.

    Мерекелік шарада құрылыс саласының үздіктері «Достық», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек даңқы» орден-медальдарымен марапатталды. 

    Сонымен қатар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне, «Құрмет грамотасына» және Қызылорда облысының «Құрмет грамотасына» ие болды. Мерекелік іс-шарада әнші Қайрат Баекенов, әнші-композитор Жарасхан Төлеубай ән шырқады.

    жиын Құрылысшылар күні
    Previous ArticleҚосшыңырау: Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен даму перспективалары
    Next Article Жоба аясында мониторинг жасалды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.