Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Екпені әдейі салғызбай отырғандар бар». Смайылов ата-аналарға ескерту жасады.
    Жаңалықтар

    «Екпені әдейі салғызбай отырғандар бар». Смайылов ата-аналарға ескерту жасады.

    "Екпені әдейі салғызбай отырғандар бар". Смайылов ата-аналарға ескерту жасады.
    SalemnewsSalemnews09.01.2024201 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

    Ол жұқпалы ауруларды азайту шаралары Үкіметте бірнеше рет қаралғанын атап өтті. Жалпы, мониторинг қорытындысы бойынша өткен жылы ең қауіпті инфекциялармен (оба, дифтерия, тырысқақ, сіреспе және т.б.) ауырған науқастар тіркелген жоқ . Кең таралған вирустық инфекциялар бойынша да көрсеткіштер (В вирусты гепатиті, ротавирусты инфекция, дизентерия және т.б.) төмендеді, – дейді ол.

    Смайылов өткен жылдан бері елімізде қызылшамен ауырғандар саны айтарлықтай өсіп кеткенін айтады.

    Ол соңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетіп отыр . Олардың 80%-ке жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың көпшілігі – тиісті екпе алмағандар. Екпе алмаған науқастардың ауруы асқынып кету қаупі жоғары. Мұндай жағдайлар қазірдің өзінде тіркеліп отыр, – деді Үкімет басшысы.

    Оның айтуынша, ата-аналардың арасында балаларына екпені әдейі салғызбай, бас тартып отырғандардың қатары аз емес.

    Мұның соңы ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Сондықтан жағдайды тұрақтандырудың жалғыз жолы – екпе салу. Қызылшаға қарсы жаппай иммунизация жүргізу үшін қосымша 1,5 млн доза вакцина сатып алынды. Осы мақсаттар үшін Үкімет өткен жылдың қыркүйек айында резервтен 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, – дейді Әлихан Смайылов.

    Previous ArticleШертпе күй орындаушылары арасында республикалық жарыс өтеді
    Next Article Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел қайтыс болған
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.