Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады
    Жаңалықтар

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова05.09.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    istockphoto

    Павлодарлық кардиохирургтер Екібастұзда 30 жыл бойы темекі шеккен ер адамға күрделі ота жасап, аяғының қан айналымын қалпына келтіріп, ампутациялаудан сақтап қалды, деп хабарлайды salemnews.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

    52 жастағы Екібастұз тұрғыны 20 метр де жүре алмайтын. Себебі, аяғы ауырып, ұйып қалатын. Ал қазір науқастың жағдайы жақсарып келеді.

    Кардиоорталықта жүргізілген тексеру ер адамның артерияларының толық бітеліп қалғанын көрсетті. Соның салдарынан аяқтарына қан өте аз барған. Гангрена пайда болып, аяқтарын ампутациялау қаупі өте жоғары болған.

    «Аяқтарымда жара пайда болып, башпайларым көгеріп, ұйып қалатынын ескертті. Егер ешқандай шара қолданбасам, аяғымды кесуге тура келетінін айтты. Бұған аз қимылдайтыным да себеп болған шығар.

    Үнемі көлікпен жүремін, жұмысымды 12 сағат бойы креслода отырамын. Екібастұзда депода кезекші болып жұмыс істеймін, көп қозғала бермеймін. Жұмыста да, әсіресе түнгі ауысымда, жиі темекі шегетінмін. Бір ауысымда бір қорап темекі шегетінмін деуге болады», — деді науқас.

    Дәрігерлер ер адамның мұндай жағдайға түсуіне негізгі себеп темекі шегу болғанын айтады. Аяқтарын сақтап қалу үшін тамыр хирургтері бес сағаттан астам уақытқа созылған күрделі ота – аорто-жамбас-сандық бифуркациялық шунттау жасады.

    «Іш қуысындағы аорта деген үлкен қан тамыры және науқастың мықын артериясы толық бітеліп қалған. Біз шунт, яғни жасанды қан тамыры арқылы төменгі аяқтарға қан өткізіп, қан айналымын қалпына келтірдік», — деді Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының тамыр хирургі Несіпжан Пірімбет.

    Қазір науқастың жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Ол өздігінен жүріп-тұра бастады, оңалту курсынан өтіп жатыр және ауруханадан шығуға дайындалуда. Ер адам толық айыққан соң жұмысына қайта оралып, салауатты өмір салтын ұстануды жоспарлап отыр.

    Previous ArticleАқтөбеде сарбазды соққыға жыққан: тергеу басталды
    Next Article Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Елордада «Студенттік қалқан-2026» жобасының жеңімпаздары анықталды

    07.10.2026

    eGov GPT арқылы 100 мемлекеттік қызмет қолжетімді болады

    02.10.2026

    Дания Қазақстанмен серіктестікті кеңейтеді

    02.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.