Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Мәселе»Шоу бизнес»Дженнифер Лопестің концерті Астанада қашан өтеді?
    Шоу бизнес

    Дженнифер Лопестің концерті Астанада қашан өтеді?

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин08.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: www.latimes.com

    Әлемдік деңгейдегі поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопес 1 тамыз күні «Up All Night» атты әлемдік туры аясында Астанадағы «Астана Арена» стадионында концерт қояды. Бұл жаңалықты әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

    Тур 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Ол әлемнің 17 ірі қаласын қамтиды, олардың қатарында Анталия, Ыстамбұл, Мадрид, Барселона, Будапешт, Варшава, Бухарест, Абу-Даби және тағы басқа қалалар бар.

    Бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов мұндай ауқымды мәдени іс-шараларды елімізде тұрақты өткізу қажет екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі тартымдылығын арттырып, туризмді дамытуға ықпал етеді.

    — Әлемдегі барлық халықаралық JLovers-қа! Бұл жазда мен бірнеше арнаулы концертімді өткіземін. Сіздермен қайта қауышуға асықпын. Көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болады! – деп жазды әншінің өзі әлеуметтік желідегі парағына.

    Концертке байланысты «Astana Venue Management» компаниясының бас директоры Мәлік Хасенов шетелден 15 000-нан астам турист келеді деп күтетінін жеткізді. Оның болжамынша, бұл іс-шара Астана қаласының экономикасына 6,5 миллиард теңге (шамамен 12,3 миллион АҚШ доллары) көлемінде үлес қосады. Сонымен қатар концерттен түсетін тікелей салық түсімі 400 миллион теңгеден (761 700 АҚШ долларынан) асады.

    «Бұл концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтеміз. Бұл іс-шара қаланың экономикасына айтарлықтай серпін беріп, HoReCa секторы (қонақүйлер, мейрамханалар мен кейтеринг қызметтері) үшін 6,5 миллиард теңге көлемінде пайда әкелмек. Сонымен қатар концерттің өзі 400 миллион теңгеден астам тікелей салық түсімін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті ол.

    «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов те бұл концерт қаланың халықаралық имиджін нығайтып, туризм мен шағын бизнестің дамуына серпін беретініне сенімді.

    Астана Дженнифер Лопес концерт
    Previous ArticleАлматы тұрғыны 16-шы қабаттан секіріп кеткен
    Next Article Қазақстанда кімдер қосылған құн салығын төлеуден босатылады?
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Мәсімовтің зәулім сарайының тағдыры шешілді

    29.04.2025

    Елордада бүлдіршін буллингке ұшыраған

    18.04.2025

    Елордада екі күннен бері 17 жастағы бойжеткенді іздеп жатыр

    16.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.