Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Депутат утиль алым бойынша «РОП операторының» орнына келген компанияны сынға алды
    Жаңалықтар

    Депутат утиль алым бойынша «РОП операторының» орнына келген компанияны сынға алды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин17.04.202512 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: parlam.kz

    Мәжіліс депутаты «РОП операторының» орнына келген «Жасыл Даму» АҚ-ның жұмысын сынға алды, деп жазды salemnews.kz

    Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы депутат Екатерина Смышляева вице-премьер Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтты.

    Смышляеваның айтуынша, Қазақстанда енгізілгеніне он жылдан асқан утиль алым елдегі экологиялық өнеркәсіпті дамытуға ықпал ете алмаған. Ал бастапқыда бұл алымның мақсаты – отандық автокөлік өндірісін қорғаумен қатар, экологияны жақсарту болған.

    Депутаттың мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын шамамен 5 миллион тонна тұрмыстық қалдық шықса, соның тек 26%-ы ғана өңделеді. Алайда бұл да терең өңдеуді емес, тек сұрыптауды білдіреді. Ал 1 миллиард тонна өндіріс қалдығының небәрі 11%-ы қайта өңделсе, қалғаны полигондарда жиналып жатыр.

    «Ел бойынша жоспарланған 94 қоқыс полигоны жобасынан тек алтауы ғана қаржыландырылған. Қалған қоқыс өңдейтін зауыттар жемқорлықтың ескерткішіне айналды, ал жаңа жобалар мүлде басталған жоқ», – дейді депутат.

    Бұған дейін де қоғам тарапынан “РОП Операторына” сын айтылған еді. Ал екі жыл бұрын жаңа оператор – «Жасыл Даму» жұмысын бастады.

    Депутаттың айтуынша, «Жасыл Даму» компаниясының есепшоттарында 406 миллиард теңге қаражат жиналған. Бұл қаражаттың жартысы 2023 жылы бұрынғы «РОП Операторынан» алынған, қалған жартысы компанияның өз табысымен жиналған.

    Депутат оператордың әкімшілік шығындары жылына 4 миллиард теңгеге жуықтайтынын айтады. Сонымен қатар ол компанияның басқа шығындарына күмәнмен қарайды. Мысалы, екі жыл ішінде «Жасыл Даму» Индустриялық даму қорына (ИДҚ) 140 миллиард теңге бөлген. Бұл қаржы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіп жобаларына жұмсалуға тиіс еді. Алайда оның тек 3,5 миллиарды, яғни 2,5%-ы ғана қоқыс өңдеуге жұмсалған. Қалған қаржы автобустар, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да техникаларды сатып алуға кеткен.

    Смышляева компания басшылығы шотында жиналған 400 миллиард теңгені қалай пайдалану керек екенін білмейтінін алға тартты.

    «Кейінгі уақытта оператор ақшаны тезірек жұмсауға тырысып жатыр, бірақ нақты қалай жұмсау керегін білмейді. Бұған тарифтерді шекті мөлшерге дейін субсидиялау, зерттеу жұмыстарына бюджеттерді ұлғайту және басқа да жалған бастамалар дәлел. Бірақ бұл шаралардың ешқайсысының өндірістік қайта өңдеуге қатысы жоқ», – деді депутат.

    Смышляева «Жасыл Даму» компаниясының екі жылдық жұмыс тиімділігіне кешенді баға беруді, оның ішінде әкімшілік шығындарды тексеруді ұсынады. Сондай-ақ қаражатты бөлу ісінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, парламенттік бақылау мен транзакцияларды цифрлы белгілеуді енгізуді ұсынады. Бұдан бөлек, оператордың қаражатты тек қалдықтарды сұрыптау мен терең өңдеуге бағыттауын заңмен шектеу қажет екенін айтты.

    Previous Article«Киіз үй мен әткеншектер шаң басып тұр». 3 миллиард теңгеге салынған «Шымқала» кешені қирап жатыр
    Next Article Жамбылда жүгері өңдейтін ірі зауыт салынбақ
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстан халқының орташа жасы анықталды

    24.06.2025

    Алматы маңында жер сілкінді

    24.06.2025

    Жеке куәлікті eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы ауыстыруға болады

    24.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.