Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Депутат мектеп директорларын негізсіз жазалауға қарсы шықты
    Жаңалықтар

    Депутат мектеп директорларын негізсіз жазалауға қарсы шықты

    SalemnewsSalemnews25.06.202561 Min Read
    Ерболат Саурықов
    Фото: Мәжіліс
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Мәжіліс депутаты, «Ауыл» фракциясының мүшесі Ерболат Саурықов Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа депутаттық сауал жолдап, соңғы уақытта жиілеп кеткен мектеп директорларын негізсіз жазалау тәжірибесіне алаңдаушылық білдірді.

    Ол сабақтан тыс уақытта оқушылардың жасаған құқықбұзушылықтары үшін білім беру мекемелерінің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту – әділетсіз әрі заңсыз қадам екенін атап өтті. Саурықовтың айтуынша, мектеп басшылығы тек оқу процесіне жауапты, ал тәрбиелеу мен бақылау — ең алдымен ата-ананың міндеті.

    «Мектеп директорын жазалаудың орнына, ата-ананың жауапкершілігін нақтылайтын уақыт келді», — деді депутат.

    Осыған байланысты Ерболат Саурықов Үкіметке бірқатар нақты ұсыныстарын жеткізді:
    1. Сабақтан тыс және демалыс уақытында болған оқиғалар үшін мектеп әкімшілігі жауап бермейтінін ресми түрде түсіндіру;
    2. «Білім туралы» және «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңдарға нақты түзетулер енгізу;
    3. Ата-аналардың жауапкершілігін айқындайтын құқықтық нормалар әзірлеу;
    4. Ауыл мектептеріндегі кадр тапшылығының алдын алу мақсатында мұғалімдердің құқықтық қорғалуын күшейту;
    5. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, оқушының сабақтан тыс мінез-құлқы үшін ата-ананың жауапкершілігін заңмен нақты белгілеу.

    Депутаттың айтуынша, бұл бастамалар мектеп ұжымын орынсыз қысымнан қорғап, жалпы білім беру сапасын арттыруға және ауыл мектептерінің әлеуетін сақтауға бағытталған маңызды қадам болмақ.

    Previous ArticleҚазақстан халқының орташа жасы анықталды
    Next Article Үш қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.