Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»БОТАГӨЗ ОМАРОВАНЫҢ ІСІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ТОҚАЕВҚА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
    Жаңалықтар

    БОТАГӨЗ ОМАРОВАНЫҢ ІСІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ТОҚАЕВҚА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.03.202652 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp
    Фото: жеке мұрағатынан

    Қазақстандық журналистер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа журналист Ботагөз Омароваға қатысты істі жеке бақылауына алуын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабын қылмыстық жауапкершіліктен алып тастау, яғни декриминализациялауға бастамашылық етуді сұрап үндеу жасады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Үндеуде журналистер Мемлекет басшысына Конституцияның кепілі әрі «Заң мен тәртіп» қағидатының авторы ретінде жүгінетінін атап өткен.

    Журналистердің мәліметінше 2026 жылы 20 наурызда 20 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар кәсіби журналист Ботагөз Омарова Астана қаласы полиция департаментінің бөлімшесіне «әңгімелесуге» шақырылған. Ол Астана қаласы Сейфуллин көшесі 37 мекенжайына өз еркімен барған. Алайда бірнеше сағат ішінде оның процессуалдық мәртебесі өзгеріп, алдымен – қорғалуға құқығы бар куәгер, кейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы («көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша күдікті ретінде танылған.

    Үндеуде Ботагөз Омарова полиция бөлімінде сегіз сағаттан астам уақыт болғаны айтылады.

    «21 наурыз күні түнгі сағат 01:00-ден кейін тергеу сотының отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша оған екі ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.
    Түнгі сағат 03:00-ден 05:00-ге дейін полиция оның пәтерінде тінту жүргізді.
    Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша оған нақты қандай журналистік материал үшін айып тағылып отырғаны туралы бізде ресми ақпарат жоқ», – деп отыр олар.



    Қазақстан Республикасы «Масс-медиа туралы» Заңының 68-бабына сәйкес, журналист, редакция және бұқаралық ақпарат құралы бірқатар жағдайда, соның ішінде ақпарат жеке және заңды тұлғалардың сөздерін сөзбе-сөз келтіру арқылы берілсе немесе ресми дереккөздерден алынса, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершіліктен босатылады» дегенді алға тартқан журналистер Ботагөз Омарова әрдайым өзінің кәсіби міндетін адал атқарып, деректерді тексеріп, құжаттарды зерделеп, Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жұмыс істеп келгенін айтады.

    «Біз, Сізден, Ботагөз Омарованың ісін жеке бақылауыңызға алып, журналистерді осындай жағдайлардан қорғауыңызды сұраймыз. Себебі ҚР ҚК-нің 274-бабы көбіне журналистерге қысым көрсету құралы ретінде қолданылып жатады. Сондықтан Сізді Конституция кепілі ретінде аталған бапты декриминализациялау жөнінде президенттік бастама көтеруіңізді өтінеміз.
    Істің барлық мән-жайын жан-жақты, объективті әрі мұқият тергеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ процессуалдық нормалар мен құқықтардың қатаң сақталуына кепілдік беруге және журналист Ботагөз Омарованы қудалауды тоқтатуға ықпал етуді сұраймыз», – деп отыр өздерін Қазақстан журналистері және сөз бостандығы құқығы маңызды деп санайтын азаматтар деп таныстырған үндеу авторлары.


    20 наурыз кешінде Омарова өзінің полицияда отырғанын хабарлаған. Кейін Астана қалалық полиция департаменті оған қатысты «көрінеу жалған ақпарат тарату» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді. Іске негіз болған – түскен арыз. 

    Айта кетейік, Ботагөз Омарова «Айтпа, Ботагөз» Telegram-арнасының авторы, сондай-ақ елдегі түрлі басылымдарда жұмыс істеген.  Саяси, әлеуметтік және өзге де тақырыптарда қалам тербеп жүрген ұзақ жылғы тәжірибесі бар журналист. 

    Previous ArticleАнтальяда жүкті әйел мен оның бес баласы өртеніп кеткен
    Next Article Солтүстік Қазақстанда киберқылмыстың жаңа түрі пайда болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.