Қазақ халқы тағы бір бойкот жариялады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде Smart Coffee франшизасының иесі Евгений Глинскийдің 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына қатысты жазған пікірі кең таралып жатыр.
Онда ол: «Ат үстінде кездесеміз бе? Біз болмасақ, елдегі төңкерісті тоқтата алмас едіңдер. Жауынгерлер», – деген жазба қалдырған.
Бұл мәлімдемеден кейін қазақстандықтар Smart Coffee желісіне жаппай бойкот жариялай бастады.
Тіпті 2Gis қосымшасында кофеханаларға жағымсыз пікірлер жазылып, төмен баға берілуде.
Даулы жағдайға байланысты ресейлік кәсіпкер халықтан кешірім сұрап, әлгі жазбаны өзі жазбағанын алға тартты.
Сонымен қатар, ол Smart Coffee құрамында шамамен 40 адам жұмыс істейтінін және олардың басым бөлігі – қазақ азаматтары екенін айтты.