Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Бишімбаевтың адвокаты Назым Қаһарманға шүйлікті
    Жаңалықтар

    Бишімбаевтың адвокаты Назым Қаһарманға шүйлікті

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин09.04.202521 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: скрин

    Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов желідегі парақшасында Назым Қаһарман мен Бишімбаевтар отбасы арасындағы алимент дауына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды salemnews.kz

    Таяуда Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы бұрынғы күйеуінің отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқанын айтқан еді. Алайда экс-шенеуніктің қорғаушысы бұл ақпараттың шындыққа толықтай сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

    «Қуандық Бишімбаев қазір алимент төлеуден бас тартып отырған жоқ. Себебі бұл – әр ата-ананың борышы. Ол тек алимент туралы келісімді бұзғысы немесе оның шарттарын өзгерткісі келеді. Өйткені қазір оның тұрақты табысы жоқ. Заң бойынша егер адамның қаржылық жағдайы айтарлықтай өзгерсе, ондай мүмкіндік қарастырылған», – деді адвокат.

    Адвокаттың айтуынша, бұрын Қуандықтың ата-анасы оның орнына келісімшартта көрсетілген мөлшерде алимент төлеуді жалғастырып келген. Алайда кейін бұл төлемдер тоқтатылған.

    «Дегенмен Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың қарт ата-анасына бірнеше рет дөрекі және қорлайтын сөздер айтып, олардың немерелерімен қарым-қатынасына кедергі келтіріп, балаларды Бишімбаевтар отбасына қарсы қоюға тырысқан. Әлеуметтік желілерде психологиялық тренингтер түрінде жала жапты. Шабуыл ұйымдастырғаннан кейін, ата-анасы көмек көрсетуді уақытша өздері дұрыс деп тапқан мөлшерде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім алимент келісімшартын өзгерту немесе бұзу туралы дау шешілгенге дейін күшінде болады», – деп түсіндірді заңгер.

    адвокат Бишімбаев Назым Қахарман
    Previous Article1 100 мектепте дрондарды басқаруға үйретіледі
    Next Article Ерлан Қошанов салық кодексі туралы айтты
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.