Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Бишімбаевтың әкесі университет ашқалы жатқаны рас па?
    Жаңалықтар

    Бишімбаевтың әкесі университет ашқалы жатқаны рас па?

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин03.04.202512 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: el.kz

    Әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев жеке жоғары оқу орнын ашатыны туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев жауап берді, – деп хабарлайды  salemnews.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

    Әлеужеліде тараған ақпарат

    Желіде тараған ақпаратта Уәлихан Бишімбаев Таразда «Bishimbayev University» атауымен жеке жоғары оқу орнын ашатыны айтылады.

    «Университет талапкерлерді қабылдауды жаңа оқу жылынан бастайды және азаматтық, қылмыстық, халықаралық, корпоративтік, қаржылық және салық құқығы, зияткерлік меншік және төрелік сияқты заң пәндеріне мамандандырылады. Желіде жарияланған мәліметтерге сәйкес, университет ректоры Уәлихан Бишімбаевтың өзі болады», — деп жазылған ақпаратта.

    Министрлік пікірі

    Олжас Беркінбаевтың айтуынша, заң бойынша бұл бағытта заңды тұлғаларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады.

    «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кез келген білім беру қызметі міндетті түрде лицензияланады. Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңына сәйкес, рұқсат беру немесе хабарлама тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсат алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.

    Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, министрлік «Bishimbayev University» атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берілгенін жоққа шығарады, сондай-ақ, «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде тиісті өтінім болмағанын хабарлайды», — деді министрліктің ресми өкілі.

    Бишімбаев министрлік университет
    Previous ArticleБишімбаев балаларына алимент төлеуден бас тартты
    Next Article «Қазақмыс» корпорациясында басшылар саны қысқартылады
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.