Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Белкөлде жолдар жаңарып, көлік қатынасы жақсаруда
    Жаңалықтар

    Белкөлде жолдар жаңарып, көлік қатынасы жақсаруда

    SalemnewsSalemnews05.08.202582 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөз

    Белкөл кенті соңғы жылдары көркейіп, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде жүзеге асуда. Бұл өзгерістердің нәтижелері тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр. Кент әкімі Жасұлан Сәду журналистерге берген брифингінде атқарылған жұмыстар мен болашақ жоспарлар жайлы баяндады.

    2025 жылдың бірінші жартыжылдығында кенттің барлық саласында оң динамика байқалады. Белкөлдің аумағы 5378 гектарды құрап, тұрғын саны 5 мыңға жуықтады, оның ішінде 2 мыңға жуық адам жұмысқа жарамды экономикалық белсенді тұрғындар.

    Білім мен денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер де көңіл қуантарлық. Әкімнің айтуынша, мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту басты міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта №189 және №145 мектептерде 900-ге жуық оқушы білім алуда, бұл өткен жылмен салыстырғанда өскен көрсеткіш. Сондай-ақ, №189 мектептің шатырын жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Денсаулық сақтау саласында да сапалы қызмет көрсетіліп, Бірқазан елді мекеніндегі медициналық бекет заман талабына сай жұмыс істейді.

    Экономикалық тұрғыдан кент қаржылық тұрақтылық пен кәсіпкерліктің дамуына көңіл бөлуде. 2025 жылдың алты айында бюджет кірісі 65,9 миллион теңгеге жетіп, жоспар толығымен орындалды. Салық түсімдері де жоспардан асып түсті. Осы кезеңде 79 жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылып, 81 тұрақты жұмыс орны құрылды. Мемлекеттік қолдау арқылы түрлі жобалар қаржыландырылып, бизнес саласы өркендеуде.

    Инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер байқалады. Кенттің көркі көше жөндеу, аулаларды абаттандыру және жарықтандыру жобалары арқылы айқын көрінуде. Қала әкімдігі қолдауымен көпқабатты үйлердің шатырлары жөнделіп, аулалары абаттандырылуда. Биыл Әбдіқадыров көшесінің 2-ші және №9 көшелеріне жаңа асфальт төселуде. Жалпы, биыл 8 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олардың 90 пайызы толықтай асфальтталмақ. Сонымен қатар, №1, 11, 12 көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылып, автотұрақтар салынып жатыр. Орташа көшеге аяқсу желісін тарту және мәдениет үйін салу жобалары да іске асырылуда.

    Алдағы уақытта кентте сүт фермасы мен өндірістік зауыттардың ашылуы жоспарланып отыр. Бұл жобалар бойынша құжаттар дайындалуда және іске қосылған жағдайда жүздеген жұмыс орындары ашылады.

    Кент әкімі Жасұлан Сәду атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылап, алдағы уақытта даму қарқыны одан әрі ұлғаятынын атап өтті.

    – Белкөл – әлеуеті мол әрі даму мүмкіндігі зор елді мекен. Биыл жарты жыл ішінде елеулі жетістіктерге жеттік. Алда одан да ауқымды жоспарлар бар. Оларды іске асыруда тұрғындармен бірге бірлесе жұмыс істеу – басты мақсатымыз. Бірлігіміз мықты болса, қандай да бір қиындықты жеңеміз, – деді ол.

    Previous ArticleЖарық табиғаты туралы ғасырлық дауға нүкте қойылды: MIT ғалымдары Эйнштейннің көзқарасын жоққа шығарды
    Next Article Қызылордадағы қан орталығы үміт ошағына айналып келеді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.