Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды
    Жаңалықтар

    Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.06.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: kstnews.kz


    Ақтөбе-Астрахань тас жолында үш көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы сегізі жарақат алды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    КТК телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылы маңында болған. Жол апатына DAF жүк көлігі мен екі Toyota Camry көлігі түскен. Соқтығысқаннан кейін жеңіл көліктердің бірі өртеніп кеткен.

    Апаттың қатты болғаны сонша, көліктер қатты зақымданып, бөлшектері жол бойына шашылған. Ал жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен.

    Бастапқыда жол апатынан 10 адамның зардап шеккені хабарланған. Кейін олардың екеуі дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмғаны белгілі болды. Қалған зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

    Оқиғадан кейін сараптама тағайындалып, тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын бастады. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Байғанин аудандық ауруханасына Ақтөбеден санавиация дәрігерлері барған.

    «Өкінішке қарай, ауыр жағдайда болған бір пациентті құтқару мүмкін болмады. Қалған зардап шеккендер қажетті ем алуда. Науқастарды жедел мамандандырылған көмек көрсету үшін Ақтөбеден санавиация бригадасы келді. Қазір жағдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында», – деді Байғанин аудандық ауруханасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Досбол Әуезов.

    Previous ArticleСоңғы сәтте үлгерді: Степногорскіде қызды құтқару сәті видеоға түсіп қалды
    Next Article Боксшы Сәкен Бибосыновқа жаңа әскери шен берілді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.