Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Басынан ұрып, тепкілеген»: Сотта Шерзаттың өмірінің соңғы минуттары туралы айтылды
    Жаңалықтар

    «Басынан ұрып, тепкілеген»: Сотта Шерзаттың өмірінің соңғы минуттары туралы айтылды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин18.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөз

    Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысында прокурор әр сотталушыға қатысты айыптау актісін оқып жатыр. Онда сараптама қорытындысы көрсетілген, деп жазды salemnews.kz

    Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    17 сәуірде Шерзат өлімі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор айыптау актісін толық оқитын болды. Сараптамада Шерзатқа келтірілген жарақаттар айтылды. 

    Тергеу деректеріне сәйкес, Шерзат пышақ жарақатын алғаннан кейін, оған шабуыл жасаған топ оны «аяғына дейін соққыға жыққан».

    Мемлекеттік айыптау тарапының мәліметінше, айыпталушы Белғожаев ауыр жараланған Шерзаттың басынан теуіп, пышақтың сабымен басынан ұрған. Сондай-ақ айыпталушы Ильясов та өлім аузында жатқан жасөспірімнің басынан мылтықпен ұрған делінген айыптау актісінде.

    «Топтық төбелес кезінде Шынасыл кәмелетке толмаған Полаттың жүрегіне пышақ сұғып алды. Соққыны сезген жеткіншек қаша бастады. 50 метрден соң талып қалған ол асфальтқа құлады. Осыдан кейін шабуылдаушылар төбелесті жалғастырды. Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Белғожаев, Ілиясов пен Шынасыл Ғайыпбаев пен Полатқа қарай беттеді. Белғожаев Полатты басынан теуіп, пышақтың сабымен бірнеше рет ұрған. Ильясов та мылтықпен Полаттың басынан ұрған. Кейін олар Ғайыпбаевты көріп, оған шабуыл жасаған. Айыпталушылар Шынасыл мен Сакиев Ғайыпбаевты да пышақтаған. Ғайыпбаев есінен танып құлағаннан кейін, олар көлікке мініп, оқиға орнынан кетіп қалған», – деді прокурор.

    Сараптамаға сәйкес, өлім кеуде қуысының сол жақ бөлігіндегі пышақ жарақатынан туындаған көп мөлшерде қан жоғалту нәтижесінде болған. Өлім 4 қазан сағат 01:30-да Талғар аудандық ауруханасында тіркелді.

    “Ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай аймағындағы жұмсақ тіндердің көгеруі және сыдырылуы, басының көгеруі, кеуде қуысының жабық жарақаты, екі буын аймағындағы жұмсақ тіндердің көгеруі, сондай-ақ оң жағынан көп пышақ жарақаты мен сызаттар байқалған.

    Оң жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің контузиясы тіркелді. Оң жақтан енетін жаралар, сонымен қатар жоғарғы және төменгі жақтарында көгерген және сырылған жерлер анықталды. Оң көздің астында, қолында, саусақтарында, сондай-ақ мұрын және ерін аймағында гематомалар бар”, – делінген сараптама қорытындысында.

    «Денені тексеру кезінде мына жарақаттар анықталды: сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігі зақымдануы, ішкі және сыртқы қан кету. Плевра қуысында гемоторакстың дамуын көрсететін шамамен 1500 грамм қан табылды. Бұл – өліммен тікелей себеп-салдарлық байланыстағы ауыр дене жарақаты», – деп оқыды мемлекеттік айыптаушы.

    Шерзаттың ағасы да жамбасынан екі пышақ жарақатын алғаны аталды.

    Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бүгінгі сот отырысында басты күдіктінің кінәсін мойындамайтыны белгілі болды.

    Талғар Шерзат Полат
    Previous Article«Шетелге грантқа түскенін көре алмаған»: Жаңаөзенде 11 сынып оқушысын сыныптастары аяусыз ұрып-соққан
    Next Article Инъекциядан кейінгі өлім: Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.