Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»БҚО-да 300-ден астам киік судан өте алмай қырылды
    Жаңалықтар

    БҚО-да 300-ден астам киік судан өте алмай қырылды

    SalemnewsSalemnews11.06.202561 Min Read
    Critically endangered wild male Saiga antelope (Saiga tatarica, male) in morning steppe. Federal nature reserve Mekletinskii, Kalmykia, Russia, August, 2015
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам киік өзеннен өте алмай қырылып қалды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    КТК телеарнасының мәліметінше суға тұншығып арам қатқанның бәрі биылғы төл екен.

    Киік қырғыны Ресеймен шекаралас Қазталов ауданындағы Сарыөзен су айдынында болған.

    Мамандардың мәліметінше, бұл жер ақбөкендердің жортатын жолы екен. Сондықтан өзен суы лайланып, кейбір жері балшыққа айналған. Лай су мен биік жардан өту үлкен киіктерге қиын болмағанымен, құралайлар өзеннен өте алмай суда қалған.

    Мамандар бұл жерден 308 киіктің өлексесін тапқан. Арам қатқан жануарлар қазір арнайы орынға жеткізіліп, жойылып жатыр.

    «Киік бір жерден өтпейді, мысалы, судан өту үшін Жәнібек ауданының Таловка ауылына, Қазталов ауданындағы Қошанкөл ауылына дейін барады, одан да асып кетеді. Яғни сондықтан кезекшілік қоюға мүмкіндік жоқ», — дейді БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумағының инспекция басшысы Нұрлан Рахымжанов.

    Ақбөкен Киік Қырғын
    Previous ArticleБас жүлде – 1 млн теңге: Түркістанда суретшілерге байқау жарияланды
    Next Article Қазақстанға Қытай төрағасы Си Цзиньпин келеді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.