Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы ашылды
    Жаңалықтар

    Астанада Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы ашылды

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова24.06.202512 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: t.me/KZgovernment

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жарияланған «Заң және тәртіп» апталығы аясында Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуы өтті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

     Премьер-министр Олжас Бектенов құттықтау сөзінде жаңа оқу орны Президенттің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті жаңғырту жөніндегі жүйелі саясатының аясында жүзеге асырылып отырған аса қадам екенін атап өтті.

    Соңғы жылдары ағымдағы сын-қатерлерге қарсы күресті күшейту бағытында нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды, киберқауіптерге және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша мамандандырылған бөлімшелер ашылды, цифрлы инфрақұрылым мен талдамалық база нығайтылып жатыр.

    «Академияның құрылуы – Мемлекет басшысы жариялаған құқық қорғау жүйесінің даму жолындағы елеулі кезең. Біздің міндетіміз – кадрлық әлеуетті нығайту арқылы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу. Институционалдық реформалар құқық қорғау органдарының сервистік моделін дамытуға ықпалын тигізеді. Президент ұсынған басым бағыт – азаматтардың қауіпсіздігі және “Заң және тәртіп” қағидатын қамтамасыз ету», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Президенттің тапсырмасы бойынша іске қосылған құқық қорғау органдарын қайта жаңғырту – стратегиялық ойлай алатын басқарушылар буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ технологиялық новацияларды енгізу құралдарын кеңейтіп, жаһандық цифрландыру және жасанды интеллектіні жаппай енгізу жағдайында көшбасшылық пен бәсекеге қабілетті жұмыстың заманауи тәсілдерін меңгеруге жол ашады.

    Академияның ашылуы барысында Олжас Бектенов сонымен қатар оқу орны инфрақұрылымымен, және құқық қорғау органдары қолданатын заманауи технологиялармен, атап айтқанда цифрлы зертхана, цифрлы шешімдер аудиториясы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жасанды интеллекті көмегімен талдау, кіріктірілген радар орнатылған патрульдік автомобильдерді қашықтан бақылау платформасы, роботтандырылған техника, «ақылды көзілдірік» және басқа да озық технологиялармен танысты. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Премьер-министрге ведомствоаралық жоғары академиялық курс тыңдаушыларын сынақтан өткізу нәтижелерін көрсетті.

    Академия бағдарламасы басқару құзіреттілігіні дамытуға, заманауи тәсілдерді меңгеруге бағытталған. Жыл сайын мұнда басшылық құрамды даярлау бағыттары бойынша 100-ден астам адам, сондай-ақ магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 30 адам білім алады. Бүгінде Академия ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінен тыңдаушылардың алғашқы легін дайындауды бастады.

    ІІМ Басқару академиясының ашылуына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғарғы Сот Кеңесі, министрліктер, әкімдіктер басшылығы, Парламент депутаттары, ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері, ІІМ жүйесіндегі ЖОО басшылығы мен оқытушылары, салалық ведомстволардың шетелдік делегациялары, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ жеке сектор өкілдері қатысты.

    Академия Астана Олжас Бектенов
    Previous ArticleОңтүстік Корея билігі кәріс ұлтының өкілімен отбасын құрған шетелдіктерге ақша төлемек
    Next Article Instagram-да «Бинго» ойнатқан келіншек 4 жылға түрмеге қамалды
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстан халқының орташа жасы анықталды

    24.06.2025

    Алматы маңында жер сілкінді

    24.06.2025

    Жеке куәлікті eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы ауыстыруға болады

    24.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.