Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада «Дала үні – домбыра» республикалық фестивалі өтеді
    Жаңалықтар

    Астанада «Дала үні – домбыра» республикалық фестивалі өтеді

    SalemnewsSalemnews03.07.202551 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөз

    Астана қаласында Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры Ұлттық домбыра күніне орайластырылып, еліміздің рухани-мәдени өміріндегі маңызды оқиғасы болатын Қазақстандағы түрлі діни бірлестіктердің өкілдеріне арналған «Дала үні – Домбыра» атты І Республикалық фестивалін өткізеді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Іс-шара 8 шілде күні өтеді. Фестивальдің басты мақсаты – ұлттық рухани мұраның ажырамас бөлігі болып саналатын домбыра өнері арқылы конфессияаралық диалогты нығайту, бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін және өзара құрметті дамыту. Іс-шара дәстүрлі қазақ мәдениетінің діни сеніміне қарамастан біріктіруші күшке ие екендігін айқын көрсетті.

    Фестивальде қазылар алқасының құрамында күйші-домбырашы, ұстаз, фольклортанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Айтжан Тоқтаған, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының мүшесі, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының көркемдік жетекшісі, Республикалық конкурстардың лауреаты Жасұлан Наурызбайұлы, Қазақ халқының мұрасы, ұлттық өнерді насихаттап келе жатқан күйші, «Құрмет» орденінің иегері Сәрсенғали Жүзбай, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның құрметті мүшесі, «Алқа» радиосының бас редакторы Серік Сейітман бар.

    Фестиваль екі кезеңнен тұрады: Домбырада жеке орындаушылық шеберлігі және домбырамен ән, терме және жырларды вокалды-аспаптық орындауы бағаланады.

    Жүлде қоры 2 миллион теңгеден асады. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

    Фестивальге еліміздің 15 өңірінен 21 қатысушы қатысады.

    Астана Дала үні-Домбыра Фестиваль
    Previous ArticleЖапонияда он күнде 900 рет жер сілкінген
    Next Article 1 500 тонна банан, 120 тонна құлпынай: Депутаттар Түркістан облысындағы шаруалармен жүздесті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.