Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада бүгін бір сағат жарық болмайды
    Жаңалықтар

    Астанада бүгін бір сағат жарық болмайды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова28.03.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto

    28 наурыз күні бүкіл әлемде адамдарды табиғи ресурстарды орынды әрі жауапкершілікпен тұтынуға үндейтін халықаралық «Жер сағаты» акциясы өтеді, деп хабарлады экология министрлігі.

    Бұл маңызды экологиялық бастамаға Астана қаласы да қатысады.

    «Жер сағаты» халықаралық акциясы барысында қоршаған ортаны және ғаламшардың экожүйелерін сақтау мәселелеріне, әсіресе жаһандық климаттың өзгеруіне назар аударту мақсатында бір сағатқа ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы, сыртқы жарықтандыру және тұрмыстық қосымша электр құрылғылары өшіріледі.

    «Биыл Астанадағы «Жер сағаты» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өтеді. Сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін елордадағы ондаған нысан жарығы мен сәндік шамдарын бір сағатқа сөндіреді»,- деп жазылған хабарламада.

    Акция аясында елордадағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында интерактивті іс-шара ұйымдастырылады. «Жер сағаты» акциясының басталуына бір минут қалғанда кері санақ жүргізіліп, одан кейін қала бойынша нысандардың жарығы өшіріледі.

    Бүгінде «Жер сағаты» – әлемдегі ең ауқымды экологиялық акциялардың бірі. Оған 175-тен астам ел мен 8 мыңға жуық қалада 2 миллиардтан астам адам қатысады.

    Previous ArticleАқмола облысында медицина қызметкері әскерге шақырылушыларға жалған диагноз берген
    Next Article Петропавлда тұрғын үйлердің жертөлесін су басты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адамға 24 жылдан кейін сот үкімі шықты

    01.04.2026

    Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысып қалды

    30.03.2026

    1000-ға жуық мектеп пен колледжде жаңа пән енгізілді

    30.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.