Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада қабылданған тарихи мәлімдеме: Жасанды интеллекттің жаңа бағыты
    Жаңалықтар

    Астанада қабылданған тарихи мәлімдеме: Жасанды интеллекттің жаңа бағыты

    SalemnewsSalemnews30.05.202654 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Бұл — өңірлік деңгейдегі маңызды саяси оқиғалардың бірі. Күн тәртібінде қаралған 18 мәселенің ішінде мемлекет басшыларының жасанды интеллектіні жауапты дамыту жөніндегі бірлескен мәлімдемесі ерекше назар аудартты.

    Мүше мемлекеттер алғаш рет цифрлық экономиканың ең қарқынды дамып жатқан бағыты бойынша ортақ ұстанымын бекітті. Бұл құжаттың мәні неде және ол алдағы жылдары қандай өзгерістерге жол ашуы мүмкін? Осы сұрақтарға цифрлық экономика және технологиялық саясат саласының сарапшысы Темірлан Зиналабдин жауап береді.

    — Темірлан, әңгімені қарапайым сұрақтан бастайық. Астанада не қабылданды? Бұл мәлімдеменің мәні неде?

    — Қарапайым тілмен айтқанда, ЕАЭО елдері алғаш рет жасанды интеллект саласындағы жаһандық үдерістерге тек бақылаушы ретінде емес, өз ұстанымы бар қатысушы ретінде кіретінін жариялады.

    Бұған дейін әр мемлекет бұл бағытты жеке дамытып келді: біреуі инфрақұрылымға басымдық берді, біреуі бағдарламалық шешімдерге, енді бірі кадрлық базаға сүйенді. Бірақ ортақ тәсіл болған жоқ. Енді сол олқылықтың орнын толтыруға алғашқы қадам жасалды.

    — Құжатта нақты не бекітілді? Міндеттемелер бар ма?

    — Мәлімдеме бірнеше негізгі қағидатқа сүйенеді.

    Біріншіден, цифрлық егемендік қағидаты. Яғни әр мемлекет өз технологиялық бағытын өзі айқындайды, сырттан дайын шешімдер күштеп енгізілмеуі тиіс.

    Екіншіден, жасанды интеллектіні қолдануда әділдік, ашықтық және кемсітпеушілік принциптері бекітілген. Алгоритмдер адамның ұлтына, тіліне немесе өзге де ерекшеліктеріне қарай алалауға жол бермеуі керек.

    Үшіншіден, ортақ цифрлық кеңістікте жаңа кедергілердің пайда болуына жол бермеу. Яғни ұлттық жүйелер бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеуі тиіс. Бұл IT саласында жобасы бірнеше мемлекетте жүзеге асып отқан кәсіпкерлер үшін тиімді, кедергілерді жояды. Біздің елде мұндай стартаперлер аз емес.

    Сондай-ақ елдер бірлескен жобаларды дамытуға, тәжірибе алмасуға және технологиялық кооперацияны күшейтуге ниетті екенін көрсетті.

    — Бұл құжат саяси мәлімдеме деңгейінде ғана ма, әлде нақты өзгерістер күтуге бола ма?

    —Бұл құжат бюджет те емес, нақты мерзімдер бекітілген жоспар да емес. Бірақ оны тек декларация ретінде қарау дұрыс болмайды.

    Қазақстан 2026 жылды жасанды интеллект пен цифрлық даму жылы деп жариялады. Елде жоғары өнімді есептеу инфрақұрылымы дамып келеді, деректер орталықтары кеңейтіліп жатыр, жеке деректерді қорғау жүйесі күшейтілуде. Яғни технологиялық негіз қалыптасу үстінде.

    Сонымен қатар Ресей де суверенді жасанды интеллект модельдері бойынша халықаралық деңгейдегі талқылауларды күшейтуге мүдделі екенін көрсетті. Бұл бағытта өңірлік бәсекеден гөрі ынтымақтастыққа сұраныс бар екенін аңғартады.

    Осы контекстте қарағанда, Астанадағы мәлімдеме жай қағаз емес, нақты үдерістің басталу нүктесі.

    — «Суверенді жасанды интеллект» деген ұғымды қалай түсінеміз?

    — Оны импортты алмастырумен теңестіруге болмайды, одан да кеңірек ұғым.

    Суверенді жасанды интеллект дегеніміз елдің өз деректеріне негізделіп, өз тілін, мәдениетін және басқару ерекшеліктерін ескеретін технологиялық жүйелерді дамыту. Ең бастысы — сыртқы платформаларға толық тәуелді болмау.

    Мәселе тек технологияда емес, ең алдымен тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселесі. Егер мемлекеттік маңызды жүйелер сыртқы инфрақұрылымға байланған болса, кез келген геосаяси немесе техникалық шектеу олардың жұмысына әсер етуі мүмкін.

    Сондықтан бұл бағыт көптеген елдер үшін теория емес, практикалық қажеттілікке айналып отыр.

    — Бұл технологияларды кімдер дамытады? Аймақта жеткілікті әлеует бар ма?

    — Әлеует бар. ЕАЭО кеңістігінде түрлі деңгейде дамыған IT компаниялар жеткілікті.

    Бүгінде бизнес пен мемлекеттік секторда қолданылып жүрген көптеген цифрлық шешімдер бар. Олар деректерді өңдеу, процестерді автоматтандыру және басқару жүйелерін жетілдіру сияқты міндеттерді орындайды. Ендігі кезең осы тәжірибені жасанды интеллектпен терең интеграциялау.

    Ең бастысы — нарықты жабық жүйеге айналдырмау. Мәлімдеменің мәні де осында: әр елдің компаниялары мен стартаптары ортақ кеңістікте тең жағдайда бәсекелесуі керек. Ал басты өлшем — әкімшілік артықшылық емес, өнімнің сапасы мен тиімділігі.

    — Қарапайым азамат үшін бұл өзгерістер нені білдіреді?

    — Ең алдымен, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артуы мүмкін. Цифрлық жүйелер бір-бірімен үйлесімді болған жағдайда, азаматтар түрлі елдерде қызметтерді жылдамырақ ала алады.

    Екіншіден, еңбек нарығына әсер етеді. Жасанды интеллект негізіндегі құралдар тілдік және технологиялық кедергілерді азайтады, бұл мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашады.

    Үшіншіден, бизнес үшін маңызды өзгеріс — бірыңғай стандарттар. Бұл компанияларға өңірлік нарықтарға шығуды жеңілдетеді, қосымша бюрократиялық кедергілерді азайтады.

    — Соңғы сұрақ: жалпы бағалауыңыз қандай?

    — Мұндай мәлімдемелер тек бастама ғана. Нақты нәтиже бірлескен жобалар іске асқанда, бизнес пен азаматтар нақты өзгерісті сезінген кезде көрінеді.

    Бірақ маңыздысы — бұл әңгіме ресми деңгейде, Астанада айтылды. Бұл ЕАЭО кеңістігінде цифрлық күн тәртіптің енді нақты қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Ал күн тәртібін кім қалыптастырса, сол өзгеріс бағытын да айқындайды.

    Астана жасанды интеллект сұхбат
    Previous ArticleАлматыда Мұхтар Шахановтың рухына арналған 40 күндік ас берілді
    Next Article Республикалық «Auyl Jastary» форумы өтті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.