Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астана LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданның Түркиядан қашан әкелінетіні белгісіз
    Жаңалықтар

    Астана LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданның Түркиядан қашан әкелінетіні белгісіз

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова11.06.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Астана LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталғанына бір ай өтсе де, әлі күнге дейін Түркияда қалып отыр. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев оның экстрадициясына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Мәжіліс кулуарында Шындалиевке Талғат Арданды неге ұзақ уақыт ұстамағаны туралы сұрақ қойылды. Оның айтуынша, ұсталу жылдамдығы іздестірумен айналысатын жедел қызметтерге байланысты.

    «Біздің қазақстандық қызметтер шетелге барып, іздеу жүргізе алмайды. Шетелдік арнайы қызметтер Интерпол арқылы жұмыс істейді. Сондықтан Арданды Түркия полициясы ұстады», – деді бас прокурордың орынбасары.

    Ол сондай-ақ шетелдік арнайы қызметтермен өзара іс-қимыл механизмін түсіндірді.

    «Біз адамды іздеуге жариялаймыз, бұл ақпарат Интерполдың базасына түседі және әлем бойынша іздеу басталады. Адам табылған кезде, оны ұстау шаралары қабылданады. Өздеріңіз білетіндей, Талғат Ардан Түркияда ұсталды. Қазіргі таңда ол Түркияда қамауда отыр. Ол Астанаға әлі жеткізілген жоқ. Біз Түркия жағына барлық қажетті құжаттарды жібердік. Қазір олар материалдарды қарап, шешім қабылдайды. Арданның Қазақстанға қашан экстрадицияланатыны әзірге белгісіз. Себебі экстрадиция мәселесі Түркия заңнамасымен реттеледі, біз түрік тарапынан бұл процесті жеделдетуді талап ете алмаймыз. Бұл – олардың ішкі процесі, ол өз заңдарына сәйкес жүреді», – деп қосты Шындалиев.

    LRT Талғат Ардан Түркия
    Previous ArticleДубайда әлемдегі ең биік метро станциясы салынады
    Next Article Қазақстан Президенті мен Словакия Премьер-министрі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Шымкентте «шоколадпен қапталған құлпынайды» жалған жарнамалағандар сотталды

    20.06.2025

    Польша чемпионатында ойнаған Георгий Жуков келіссөз жүргізу үшін Ақтөбеге келді

    20.06.2025

    Ay Yola тобының солисі Forbes-тің рейтингіне енді

    20.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.