Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Арқалықта блогер 10 жылға сотталды
    Жаңалықтар

    Арқалықта блогер 10 жылға сотталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Қостанай облысының Полиция департаменті


    Арқалық қаласында сот жергілікті тұрғын, «Арайлы Арқалық» YouTube арнасының авторына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Еске салсақ, 35 жастағы блогердің ұсталғаны туралы ақпарат осы жылдың сәуір айында жарияланған болатын. Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ол жедел-іздестіру шаралары барысында зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасады деген күдікпен ұсталған.

    Тергеу нұсқасына сәйкес, жәбірленушілердің кейбірі күдіктіден қарызға ақша алған. Қарызын қайтара алмаған жағдайда, ол олардан жақын қарым-қатынас талап еткен. Ал қарсылық білдірген жағдайда, олардың еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен деген күдік бар.

    Қанат Әлімбаевқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылды: 120-бап («Зорлау»), 123-бап («Жыныстық қатынасқа, еркекпен жыныстық қатынасқа, лесбияндық әрекеттерге немесе өзге де жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу») және 121-бап («Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері»).

    22 мамыр күні Арқалық қалалық соты оны кінәлі деп танып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Іс бойынша егжей-тегжейлі мәліметтер жарияланбаған. Сот процесі жабық режимде өтті.

    Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Қорғаушы тарап апелляциялық шағым түсірді.

    Previous ArticleҚазақстан құрамасының ойыншысы Франция чемпионатының клубына ауысты
    Next Article Соңғы сәтте үлгерді: Степногорскіде қызды құтқару сәті видеоға түсіп қалды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.