Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды
    Жаңалықтар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова05.09.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Pexels

    Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері салмағы 740 грамм болып дүниеге келген нәрестенің өмірі үшін 80 күн бойы күресті. Жүктіліктің 26-аптасында шұғыл кесарь тілігі арқылы туған сәби бүгінде анасымен бірге аман-есен үйіне шықты, деп хабарлайды salemnews.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Сәби шұғыл кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Жүктілік плацентаның ажырауы және қан кетумен асқынған. Жүктіліктің небәрі 26 аптасында әр грамм мен әрбір тыныстың маңызы зор болды.

    Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап жаңа туған нәрестеге қарқынды медициналық көмек қажет болған.

    «Сәби 40 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратында болды. Одан кейін тағы екі аптаға жуық уақыт бойы мұрын арқылы СИПАП әдісімен тыныс алу қолдауын алды», — дейді Алматы қаласы №2 қалалық перинаталдық орталығының директоры Светлана Рахимова.

    Жалпы алғанда кішкентай пациент жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия бөлімінде 56 күн жатты.

    Дәрігерлер мұндай балалар үшін өздігінен тыныс алуға көшу, жағдайының тұрақтануы және үйге шығу – нағыз күрес екенін атап өтті.

    Баланың жағдайы жақсарғаннан кейін ол реанимация бөлімінен әрі қарай күтім жасау және оңалту үшін тиісті бөлімшеге ауыстырылды. Содан кейін көптен күткен күн де жетті. Өмірінің 80-тәулігінде сәби үйіне шықты.

    Салмағы небәрі 740 грамм болған кішкентай сәби өмірінің алғашқы ең күрделі кезеңдерінің бірінен өтіп, нағыз кішкентай жеңімпазға айналды.

    Previous ArticleҚарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті
    Next Article Қуығымнан үнемі ұрды: Ақтөбедегі әскери бөлімде сержанттар соққыға жыққан Ұлттық ұланның сарбазы ауруханаға түсті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Елордада «Студенттік қалқан-2026» жобасының жеңімпаздары анықталды

    07.10.2026

    eGov GPT арқылы 100 мемлекеттік қызмет қолжетімді болады

    02.10.2026

    Дания Қазақстанмен серіктестікті кеңейтеді

    02.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.