Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы соққыға жыққан
    Жаңалықтар

    Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы соққыға жыққан

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин11.04.202521 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Алматыда әйел адамға жасалған шабуыл ісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады salemnews.kz

    Алматы қаласында 45 жастағы Галина Борзоваға көшеде белгісіз ер адам шабуыл жасап, ауыр соққыға жыққан.

    Оқиға Түрксіб ауданында сәуір айының басында тіркелген. Жәбірленуші жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда, белгісіз азамат артынан келіп, басына темір дубинкамен соққы жасаған. Одан кейін бірнеше рет ұрып, қатты жарақаттаған. Салдарынан Борзованың басы жарылып, қолы сынған.

    Жәбірленушінің айтуынша, оған көмектесуге көлік жөндеу орталығының жұмысшылары келіп, күдіктіні ұстап қалған. Шабуылдаушының тұлғасы кейін белгілі болып, ол Борзованың құдағиының бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі екені анықталған. Айтуынша, бұған дейін олар арасында ешқандай дау-дамай болмаған.

    — Жай ғана үйге қайтып бара жаттым. Артымнан біреудің келе жатқанын сездім. Бір сәтте темір затпен басымнан ұрып, ұра бастады. Есімді жисам, жанымдағылар оны ұстап алған екен. Қарасам – таныс адам, төрт жылдан бері араласқан емеспіз. Ешқандай жанжал болмаған, — дейді Галина.

    Полиция оқиғаны ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі — «Адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша тіркеген. Дегенмен, жәбірленуші бұл баптың жеңіл екенін айтып, істі «қасақана ауыр дене жарақатын салу» ретінде қайта саралауды талап етуде.

    Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Галина Борзова әділдік орнап, шабуылдаушының қатаң жазаланатынына үміт білдіруде.

    Алматы полиция
    Previous ArticleТалғардағы қылмыс: Шерзат Полаттың ісі бойынша 9 адам сотқа тартылады
    Next Article Балаларға тікелей эфирге шығуға тыйым салынады
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.