Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алаяқтардың сөзіне сенген ер адам 13 миллион теңге несие алмақ болған
    Жаңалықтар

    Алаяқтардың сөзіне сенген ер адам 13 миллион теңге несие алмақ болған

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова31.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Ішкі істер министрлігі


    Алматы облысында полицейлер телефон алаяқтарының ықпалына түскен тұрғынды 13 миллион теңгеден астам қаржысынан айырылып қалудан сақтап қалды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам алаяқтардың психологиялық қысымына түсіп, олардың айтқанын орындаған. Ол туыстарынан жасырынып, телефон қоңырауларына жауап бермей, бірнеше банктен несие алуға әрекет жасаған.

    Күдікті әрекет туралы ақпарат алаяқтық қоңырауларды анықтайтын арнайы жүйе арқылы полицияға түскен. Тәртіп сақшылары ер адамның әйелі мен балаларын тауып, жағдайды түсіндірген. Туыстары банктерге дереу хабарласып, несиелердің рәсімделуіне тосқауыл қойған.

    Кейін полицейлер ер адамды өндірістік база аумағынан тапқан. Алайда ол сол сәтте де бейтаныс адамдардың сөзіне сеніп, полиция мен өз ұлының ескертуін қабылдамаған.

    Тек 13 миллион теңгеден астам қаражатты алаяқтарға беруге аз қалғанын түсінген соң ғана жағдайдың мән-жайын ұққан.

    ІІМ дерегінше, бір тәуліктің ішінде Алматы облысында осыған ұқсас 13 алаяқтық әрекеттің жолы кесілген.

    Соңғы үш жылда еліміз бойынша 1 152 интернет-алаяқтық фактісінің алдын алынып, азаматтардың 1,5 миллиард теңгеден астам қаржысы сақталып қалған. Сондай-ақ алаяқтардың шетелге 2,7 миллиард теңге аударуына тосқауыл қойылып, жәбірленушілерге 5,6 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылған.

    ІІМ тұрғындарға бейтаныс адамдар несие рәсімдеуді, ақша аударуды, қосымша орнатуды немесе әңгімені жақындарынан жасыруды талап етсе, байланысты бірден тоқтатуға кеңес береді. Мұндай жағдайда банкке немесе полицияға тікелей хабарласқан жөн.

    Previous ArticleҰшаққа кіріп кеткен масалардың кесірінен екі қызметкер қайтыс болды
    Next Article БАӘ-де көз жұмған апалы-сіңлі қазақстандықтардың денесі жер қойнына тапсырылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.