Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Абай облысында 194 мектеп қызметкерінің жеке мәліметтері тарап кеткен
    Жаңалықтар

    Абай облысында 194 мектеп қызметкерінің жеке мәліметтері тарап кеткен

    SalemnewsSalemnews16.07.202521 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Бородулиха ауданының прокуратурасы үш орта мектептің 194 қызметкерінің жеке мәліметтері тарап кеткенін анықтады. Бұл заңбұзушылық мемлекеттік сатып алулар порталына мониторинг жүргізу барысында белгілі болды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Прокуратураның ақпаратынша, білім беру мекемелері мемлекеттік сатып алу бойынша медициналық тексеруден өту үшін қызметкерлердің тізімдерін жариялаған, онда барлық қызметкерлердің жеке мәліметтері, оның ішінде толық анкеталық мәліметтер, ЖСН және басқа да ақпараттар көрсетілген.

    «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай мәліметтер міндетті түрде қорғалуға тиіс. Шектеулі қолжетімді ақпаратқа қол жеткізген тұлғалар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті және мәліметтер иесінің келісімінсіз немесе заңды негіз жоқ жағдайда жеке ақпаратты таратуға құқылы емес.

    Мектеп басшылығының бұл талаптарды сақтамауы жеке мәліметтердің заңсыз мақсатта пайдаланылу қаупін туғызды.

    Тексеру қорытындысы бойынша аудан прокуратурасы мектеп директорларын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 79-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 1 миллион теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ олар тәртіптік жазаға тартылды», — делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта аудандық білім бөлімі болашақта ұқсас бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаралар қабылдаған.

    Абай облысы Жеке мәлімет
    Previous ArticleComic Con Astana-2025 фестиваліне келген қонақтар саны рекорд орнатты
    Next Article Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.