Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақмола облысында медицина қызметкері әскерге шақырылушыларға жалған диагноз берген
    Жаңалықтар

    Ақмола облысында медицина қызметкері әскерге шақырылушыларға жалған диагноз берген

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова28.03.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Pixabay

    Ақмола облысында алаяқтық жасады деген күдікпен медицина қызметкеріне қатысты үш қылмыстық іс қозғалды. Ол әскерге шақырылушыларға ақшалай сыйақыға мерзімді әскери қызметтен жалтаруға көмектесемін деп уәде берген, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Белгілі болғандай, 17 наурыз күні аудандардың бірінің полициясына үш азаматтан арыз түскен. Олардың айтуынша, өткен жылдың соңында өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған ер адам әскерден босататын «қажетті» диагноз алып беруге уәде еткен. Қызметі үшін күдікті 1 200 000 теңгеден астам ақша алған, алайда не құжаттарды, не ақшаны қайтармаған.

    Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті медициналық пункттердің бірінің қызметкері болып шықты. Қазіргі уақытта үш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, сондай-ақ оның осыған ұқсас басқа да жағдайларға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деп мәлімдеді полиция департаментінен.

    Полицияда арызданушылардың әрекеттеріне де құқықтық баға берілетінін атап өтті: әскери қызметтен заңсыз жолмен жалтаруға тырысу да жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

    Previous ArticleАстанада ойын-сауық орталықтарының бірінде жаппай төбелес болды
    Next Article Астанада бүгін бір сағат жарық болмайды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адамға 24 жылдан кейін сот үкімі шықты

    01.04.2026

    Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысып қалды

    30.03.2026

    1000-ға жуық мектеп пен колледжде жаңа пән енгізілді

    30.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.