Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақжарма ауылдық округі: инфрақұрылым жаңарып, ауылдың даму қарқыны артып келеді
    Жаңалықтар

    Ақжарма ауылдық округі: инфрақұрылым жаңарып, ауылдың даму қарқыны артып келеді

    SalemnewsSalemnews03.08.202614 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде соңғы жылдары тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасын күшейту, ауылішілік жолдарды ретке келтіру, кәсіпкерлікті дамыту және халықпен кері байланысты нығайту бағытындағы жұмыстар бүгінде оң нәтижесін бере бастады.

    Ауылдық округ құрамындағы Ақжарма, Баймұрат батыр және Талдыарал елді мекендерінде жүзеге асқан жобалар тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік берген. Соның нәтижесінде өңірде тұрақты даму динамикасы қалыптасып келеді.

    – Соңғы жылдары ауылдық округте бірнеше ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Ақжарма ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық көмек көрсету мүмкіндігі кеңейді. Сонымен қатар ауылға табиғи газ жеткізіліп, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстар атқарылды. Ауылдың шеткі бөлігінде жаңадан қалыптасқан көшелерге тас жол салынып, Баймұрат батыр ауылындағы электр желілері жаңартылды. Бұл жұмыстар инженерлік жүйелердің сенімділігін арттырып, елді мекендердің инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғыртуға негіз болды, – деді ауылдық округтің әкімі Сәттар Әбдіреев.

    Биылғы жылы әкімдік жұмысының негізгі басымдығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға бағытталған. Әсіресе Талдыарал елді мекеніндегі ауыз су жүйесін жаңарту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Бұл жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Әкімдік тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатуға да басымдық береді. Осы мақсатта ауылдық округ әкімінің есептік кездесулері жүйелі өткізіліп, жеке қабылдаулар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тұрғындардың ұсыныс-пікірлері қабылданып, көтерілген мәселелер бойынша жедел түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Халық тарапынан жиі көтерілетін негізгі мәселелердің қатарында Талдыарал елді мекенінің электр желілерін жаңарту және Баймұрат батыр ауылын толық аяқ сумен қамтамасыз ету үшін диаметрі 500 миллиметр болатын су айдау насосын сатып алу мәселесі бар.

    Коммуналдық инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстар да жалғасуда

    – Ауылдағы коммуналдық мәселелерді шешу бағытында Ақжарма ауылдық округінің Баймұрат батыр және Талдыарал ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жалпы ұзындығы 3,15 шақырым болатын бес көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сондай-ақ өткен жылы Баймұрат батыр ауылындағы жаңадан қалыптасқан 19 көшеге қиыршық тас төселді. Ал Талдыарал елді мекенінің бұрынғы Құбас жеріндегі Т. Қоңырбаев көшесінің электр желілері жаңартылды, – деді Сәттар Әбдіреев.

    Елді мекендерді абаттандыру жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде. Биыл Баймұрат батыр ауылындағы балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 4,3 миллион теңге бөлінген. Көктемгі көгалдандыру науқаны кезінде ауылдық округ аумағына 500 түп сыр талы мен терек көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар көркейту-көгалдандыру айлығы аясында мемлекеттік мекемелер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.

    Экономиканы әртараптандыру және ауылға инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ. Тұрғындарға мемлекеттік қолдау бағдарламаларының мүмкіндіктері түсіндіріліп, жеке кәсіпкерлікті дамытуға кеңес беріледі. Соның нәтижесінде жеке кәсіпкер Ғалия Әбішева мал өсіру және бордақылау алаңын құру жобасын қолға алған.

    Жастар саясаты бағытында ауылда мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Сонымен бірге Баймұрат батыр ауылында жабық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүзеге асырылуда. Бұл нысан ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беріп, бұқаралық спортты дамытуға серпін береді.

    Әлеуметтік инфрақұрылымды нығайту жұмыстары аясында ауыл мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Қазіргі уақытта мәдениет үйіне заманауи LED экран сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мәдени іс-шараларды жаңа форматта өткізуге және тұрғындарға сапалы мәдени қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

    Тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі артып келеді. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы бір кәсіпкер жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 9,5 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейту жобасын іске асыруда.

    Сонымен қатар 6 пайыздық мөлшерлемемен берілетін Өңірлік инвестициялық орталықтың қолдауымен бір кәсіпкердің 7 миллион теңгелік жылыжай ашу жобасы мақұлданып, қажетті құжаттары рәсімделу үстінде. Бұдан бөлек, құны 10,8 миллион теңгені құрайтын құрылыс материалдарын шығару жобасы бойынша тағы бір кәсіпкердің құжаттары «Ауыл аманаты» бірыңғай платформасына енгізіліп, комиссия шешімін күтуде.

    Ауыл аманаты

    Әкімнің айтуынша, ауылдың даму бағыты тек инженерлік инфрақұрылыммен шектелмейді. Болашақта өңірдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында тарихи орындарды кеңінен насихаттап, мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

    – Ауылдың туристік әлеуетін арттыру бағытында мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда, – дейді ауылдық округ әкімі.

    Әкімдік жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық әкімдік» форматы енгізілген. Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалар арқылы тұрғындардың өтініштері қабылданып, қойылған сұрақтарға жедел жауап беру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

    Алдағы бірнеше жылда Ақжарма ауылдық округінде жүзеге асырылуы жоспарланған маңызды жобалардың қатарында Талдыарал елді мекенінде жаңа ауыз су тарату құрылымын салу және Баймұрат батыр ауылында жабық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау бар. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының өмір сапасын одан әрі жақсартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

    Жалпы, Ақжарма ауылдық округінде іске асырылып жатқан жұмыстар инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және ауыл экономикасын дамыту бағытында жүйелі жүргізіліп келеді. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және халықпен ашық диалог орнату алдағы уақытта да ауылдың тұрақты дамуына негіз болмақ.

    Ақжарма Қамысқала Қызылорда
    Previous ArticleҚарқаралы тауларында туристер адасып кетті
    Next Article SpaceX зымыранының 5 тонналық бөлшегі Айға құлайды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.