Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақмола облысында жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбаған тұрғынға айыппұл салынды
    Жаңалықтар

    Ақмола облысында жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбаған тұрғынға айыппұл салынды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова06.04.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Ақмола облысының Ақкөл аудандық сотында жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны үшін азамат Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ол Ақкөл қаласында тұрғын үйге арналған нысаналы мақсаттағы жер учаскесінің иесі.

    Жер ресурстарын басқару департаменті тексеру барысында Р-да тұрғын үй құрылысына арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен эскиздік жобаның жоқ екенін анықтаған, сондай-ақ 2022 жылдан бері әлеуметтік желілерде осы жер учаскесінде орналасқан құм, саз, қиыршық тасты сату туралы хабарландыру жарияланған.

    Жер қатынастары бөлімі өкілінің айтуынша, аталған учаскеде тұрғын үй құрылыстары жоқ, әртүрлі материалдар жиналып сақталған, сондай-ақ жер учаскесінің қоршауында материалдарды сату туралы хабарландыру орналастырылған.

    Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, тұрғын үй құрылысына арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен эскиздік жобасыз Р жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған.

    Сот қаулысымен Р-ға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

    Previous ArticleОңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді
    Next Article Түркияда курьер болып жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматын атып кетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Үйі қоқысқа толып кеткен әйел төрт жыл бойы баспалдақ алаңында түнеп жүрген

    19.08.2026

    Тез байығысы келген қазақстандық әйел 10 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды

    18.08.2026

    Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап қаза болды

    18.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.