Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»93 жастағы әжеге алғаш рет туу туралы куәлік берілді
    Жаңалықтар

    93 жастағы әжеге алғаш рет туу туралы куәлік берілді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова22.05.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөзден


    Өзбекстанның Наманган облысы Чуст ауданында 93 жастағы Купайсин-момо Сотиболдиеваның туу деректері ресми түрде қалпына келтірілді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Kun.uz мәліметінше, Өзбекстанның Әділет министрлігі әжейге алғаш рет туу туралы куәлік берген.

    Купайсин-момо аудандық әділет бөліміне құқықтық мәселе бойынша жүгінген. Құжаттарын тексеру барысында оның 1933 жылы туғаны белгілі болғанымен, АХАТ мұрағаттарынан туу туралы жазба табылмаған.

    Министрлік мәліметіне қарағанда, әжей бала кезінен туған күнін 2 наурыз деп атап келген. Бұл күнді оған ата-анасы айтқан. 1951 жылы Купайсин-момоға қыз кезіндегі тегіне рәсімделген туу туралы анықтама берілген. Кейін тұрмысқа шыққан соң ол Сотиболдиева тегін алып, өмір бойы түрлі құжаттарын осы негізде рәсімдеп келген.

    Алайда азаматтық төлқұжатында туған күні мен айы көрсетілмегендіктен, әжей бірқатар қиындыққа тап болған. Осыған байланысты аудандық әділет бөлімі оның туу фактісін заңды түрде анықтау үшін ауданаралық сотқа жүгінген.

    Сот Купайсин-момо Сотиболдиеваның 1933 жылғы 2 наурызда дүниеге келгенін ресми түрде растады. Сот шешімінен кейін оған қыз кезіндегі тегімен – Купайсин Ташмирзаева атына туу туралы куәлік рәсімделді.

    Айта кетейік, мұндай жағдай Өзбекстанда бұған дейін де болған. 2019 жылы 91 жастағы Раждаб Рахматованың да құжатсыз жүргені мемлекеттік қызмет агенттігі мамандары тұрғындарды аралау кезінде анықталған еді.

    Previous ArticleАқтауда артық майдан арылғысы келіп ота жасатқан депутат көз жұмды
    Next Article Алматыда үшем қыз дүниеге келді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.