Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»73 жастағы ақтаулық әжей бала күнгі арманын орындауға бел буды
    Жаңалықтар

    73 жастағы ақтаулық әжей бала күнгі арманын орындауға бел буды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.08.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөзден


    Ақтаулық 73 жастағы Балым әже Каспий теңізінің жағасында серуендегенді ұнатады. Бір күні жағалауда велосипед теуіп жүрген қызды көріп, одан өзін де үйретуін өтінген. Осы кездейсоқ таныстық кейін жылы достыққа ұласып, Балым әженің велосипедке алғаш отырған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде кең тарады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Балым әжеге кездескен қыздың есімі – Айдана Жолмағамбет. Сол күні ол теңіз жағасында серуендеуге шығып, велосипед жалға алған және жүріп келе жатып телефонға видео түсіріп жүрген.

    Бір кезде оған Балым әже келіп, ерекше өтініш айтқан. Айдананың сөзінше, ол бұған дейін зейнеткер әйелді мүлде танымаған. Соған қарамастан, өтінішінен бас тарта алмай, қуана көмектесуге келіскен.

    Кездейсоқ таныстық көп ұзамай достыққа айналған. Қазір Балым әже мен Айдана әлі де араласып, таңертең бірге серуендеп тұрады.

    «Әже мені теңіз жағасынан тапқан қызым деп атайды. Өзі өте белсенді, адамдармен тез тіл табысады. Балым әже маған жиі телефон соғады, таңертең бірге серуендейміз. Мен үшін біздің достығымыздың орны ерекше», – деді Айдана.

    Previous ArticleШарын шатқалында құтқарушылар Үндістан азаматына көмек көрсетті
    Next Article 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында 5 алтын алды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.