Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»“4 жылда 160 адамды жұмыстан шығардым”: Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера театрының былығын әшкереледі
    Жаңалықтар

    “4 жылда 160 адамды жұмыстан шығардым”: Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера театрының былығын әшкереледі

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин29.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Жеке парақшадан алынды

    Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы қызмет жолында кездескен қиындықтарын есіне алды, деп жазды salemnews.kz

    Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

    Әншінің өмір жолына арналған “Алғашқы” бағдарламасында өнер иесінің әріптестері оның іскерлігін айтып, мақтады.

    ”Бізге 2021 жылы Майра Мұхамедқызы басшылыққа келді. Ол кісі келген кезде театрдың іші ескіріп, әбіржіп тұрған еді. Залда бір ғана жарық жанатын. Көрермендер отыратын орындықтардың тозығы жеткен еді. Майра Мұхамедқызы өзі демеушілер тауып, өткен жылы тамыз айында 30 миллионға орындықтарды ауыстырды. Театрдың барлық жерінен су өтетін, іші жылымайтын. Барлығын жөндеуден өткізді. Бұрынғы қалпымен салыстырғанда қазір театр деп ауыз толтырып айтатын күнге жеттік. Шымкент қалалық опера театрын әлемдік деңгейге көтергісі келіп, әлемдік деңгейдегі операларды қойғысы келді. Сол кезде біздегі кейбір мамандар оны түсінбей, айқай-шу шығарды. Басында ұжым ішінде қақтығыстар көп болды. Кейбіреулер Майра апай мамандарды құртып, өзінің командасын жинап жатыр деп ойлады. Қазір бізге әлемдік деңгейдегі режиссерлар мен дирижерлар келіп жатыр”, — дейді Майра Мұхамедқызының әріптесі Ерлан Қолдасбаев.

    Өнер иесі басшылық қызметке кірісер алдында ұжымдағы қызметкерлер тарапынан қысым көргенін де жасырмады.

    ”Театрға бара салған кезде 40 жігіт алдымнан шықты. “Бізден соққы жемей тұрып, қысым көрмей тұрып, ақырындап кетіп қалыңыз, біз сізді сыйлаймыз. Бірақ жаңа адамның келгенін қаламаймыз” деді. Сосын мен: “Айналайындар, мен сендерден қорықпаймын. Бұл өмірде бәрін көрдім. Мен сіздердің жағдайларыңызды жасау үшін келдім дедім. Қазір солардың бәрі – менің қызметкерлерім. Осы театрдың жанашырлары. Бір жағынан оларды да түсінуге болады. Қаншама жылдар бойғы театрға деген махаббаты, айлықтары аз, театр жабылудың алдында тұр. Соңғы үміттері қалған сәт. Театрдың ішінде де туыс-туғанын жұмысқа алған жағдайлар болған. Театрға мүлде қатысы жоқ, басқа саладағы адамдар кіріп кеткен. Тәртіп те, заң да жоқ болып, театр деп айтуға ауыз бармайтындай болып кеткен. 4 жылда 160 адамды жұмыстан шығардым. Кадр бөліміндегі маман “Майра ханым, болды енді, жарты Шымкентті жұмыстан шығардыңыз ғой”, деді. Басында енді маман табылмай қала ма деп те қорықтым. Бірақ бір есік жабылса, екіншісі ашылады дегендей, аз айлыққа сізбен бірге жұмыс істеп, әлемдік тәжірибені көргіміз келеді деген керемет мамандар келді”, – дейді ол.

    Майра Мұхамедқызы опера балет
    Previous ArticleМәсімовтің зәулім сарайының тағдыры шешілді
    Next Article 20 пайыздық қосымша құн салығының зардабы қандай? – саясаттанушы түсіндірді
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Боксшы Әнел Сақыш Әлем кубогінде жарыс жолынан шығып қалды

    01.07.2025

    Талдықорғанда 5 000 адам рекорд орнатты

    01.07.2025

    Алматыда 5,5 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

    01.07.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.