Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«4 жасымда кеттім»: АҚШ-тағы қазақ баласы жан сырын ақтарды
    Жаңалықтар

    «4 жасымда кеттім»: АҚШ-тағы қазақ баласы жан сырын ақтарды

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова12.06.202543 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: жеке архивінен

    Jibek Joly арнасындағы «Бүгін.Live» бағдарламасына 4 жасында анасымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткен қазақ баласы Саят Нокербан эксклюзив сұхбат берді. Қазақстанға туыстарына келген ол елге деген сағынышын жеткізді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап.

    «Иә, Қазақстаннан 4 жасымда АҚШ-қа кеттім. Сонша көп уақыт болды. Қазақстанды сағындым. Туысқандармен кездестім. Қазақстан мықты мекен екен. Менде көп сезім бар. Анам мен үлкен ағам бар АҚШ-та. Мені әуежайда көп адам күтіп алды. Өте қуаныштымын. Қазақстанға үшінші рет келдім», — деді ол.

    Саят өзінің мамандығы мен айналысып жатқан ісі жайлы да бөлісті.

    «Мен қазіргі уақытта Остиндегі Техас университетінде «Қаржы» мамандығын оқып жатырмын. Банкта жұмыс істеймін. Парақшамды 3 апта бұрын жүргізе бастадым. Үш апта ішінде 180 мың тіркелуші келді. Мен шынымды айтсам, Орта Азия туралы контентім туралы шетелдіктер, америкалықтар Орталық Азия туралы білгісі келеді. Оларға біздің өміріміз, мәдениетіміз қызық. Қатты жақсы көреді. АҚШ-та далада жүрсем, адамдармен конверсация жасай алмайсың. Ал Қазақстанда метрода, автобуста қазақтармен оп-оңай сөйлесе аламын. Шынымды айтсам, көп нәрсе басқаша. Қазақстанның архитектурасы басқаша, мәдениеті басқаша. Біздің музейлеріміз ұқсас. Мен көп музейге бардым. Ғылым туралы, тарихымыз туралы өте жақын, ұқсас», — деді ол.

    Саят ағылшынтілді ортада жүргеніне қарамастан қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ол бұған анасының үлесі көп дейді.

    «Мен анаммен қазақ тілінде сөйлесем. Америкалық әкеммен ағылшын тілінде сөйлесемін. Кішкентай кезімнен менің анам айтты: ана тіліңді ұмытсаң, сен шын қазақ емессің деп. Ол менің миымда қалды. Өзімнің қазақ тілімді дамытамын. Мен туыстарыммен ватсаппен сөйлесемін. Біздің чатымыздың аты – «Бауырлар». Елге келгеніме екі жарым апта болды. Мен Кеген ауылына бардым. Анамның балалық шағы өткен ауыл. Сол жақта атқа міндім, құрт жасадым, сиыр саудым. Ауыл өмірі ұнады қатты. Әлемдегі адамдарға көрсету үшін контент жасадым», — деді ол.

    Саят Нокербан америкалықтардың Қазақстан жайлы ойын да сұрады.

    «Бұрын мен әнші болғам, актер болғам. Сол туралы контент жасағам. Менің фанаттарыма өзімнің өмірімді көрсетсем деген ой болды. Сосын оларға қазақ екенімді айттым. Оқырмандарым қазақтар туралы көп білмейді. Геннадий Головкин бар, Димаш бар, Шавкат бар. Бірақ біздің мәдениетіміз туралы білмейді. Менің фанаттарымның 90 пайызы АҚШ-тан. Оларға біздің тарихымыз туралы айттым. Мен орта жүз, арғынмын. Оларға рулар туралы айттым. Мен өзім қалада тұрмағам, ауылдың баласымын. Қалай өмір сүретінімді көрсеттім. Тауларды көрсеттім, көлдерді», — деді Саят.

    Ол АҚШ-та жүргенде «Нені сағынасыз?» деген сұраққа да жауап берді.

    «Мен BBC News-пен сұхбаттастым. Олар менен қандай тамақ түрін ұнататыным жөнінде сұрады. Мен бәрін жақсы көремін. Манты болса, лағман болса, бешбармақ болса, бәрін таңдаймын. Бір апта бұрын жылқының етін бірінші рет жегем. Бізде аттар жоқ. Өте дәмді болды», — деді ол.

    Саят өзінің анасына деген достарының қарым-қатынасы жайлы да айтты.

    «Менің достарым үйге келсе, анам оларға палау береді, манты береді. Сенің анаңды ең қатты жақсы көреміз деді. АҚШ-та жанұялар ондай емес қой. Қазақстанда жаңа адамдар үйге келсе, шай ішейік деп айтады, тамақ жейік деп айтады, бірақ АҚШ-та олай емес. Анам қатты тырысады. Кішкентай кезімнен маған қазақ өлеңдер көрсеткен, тамақ жасағанда әрқашан қазақша әндер қосады. Мен кішкентай кезімнен «МузАрт» тобын жақсы көремін. Өзім де ән айтамын. Өзім жазамын. Өзімнің өмірім туралы, әкемнің жоқ екені жайлы, қыздар туралы. Алғашқы әнім шықты. «Қолыңды алшы» деп аталады. Бұл әнді анаммен бешбармақ жасағанда жаздым. Көп адамдар ойлайды мен АҚШ-қа барсам, өмір жақсырақ болады деп. Ал біз келгенде өте қатты қиналдық. Ал анам профессор болып келді. Бізде мүмкіндік болған визамен келуге. Талант жоқ болса, күшті мінезің жоқ болса, АҚШ-қа келсең, келмесең де бәрібір. Өз өміріңді өзің жасауың керек. Ешкім саған мүмкіндік бермейді», — деді ол.

    АҚш Саят Нокербан сұқбат
    Previous ArticleЛРТ-ның алғашқы вагондары рельстерге қойылып жатыр
    Next Article Астанадағы автопарк аяғын кесуге мәжбүр болған 8 жастағы қызға өмір бойына қаражат төлейді
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Прокурор Сәкен Мамашқа 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

    17.07.2025

    СҚО-да құны 29,8 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

    17.07.2025

    Семей тұрғыны біреудің 26 жылқысын иемденіп, сатып жіберген

    17.07.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 603 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 569 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.