Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»2025 жылы сот орындаушылары 557,6 млрд теңге өндірген – Әділет министрлігі
    Жаңалықтар

    2025 жылы сот орындаушылары 557,6 млрд теңге өндірген – Әділет министрлігі

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова26.03.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков 2025 жылға арналған борышкерлерден мәжбүрлеп өндіріп алу жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Мақсат Балабековтың айтуынша, қазіргі уақытта атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындау мемлекеттік және жеке сот орындаушылары арқылы, сондай-ақ «цифрлық сот орындаушысы» деп аталатын жеңілдетілген өндіріс шеңберінде жүзеге асырылады.

    — 2025 жылы сот орындаушыларының, оның ішінде цифрлық сот орындаушысының өндірісінде жалпы сомасы 15,5 трлн теңгені құрайтын 10 миллионнан астам іс болды. Өндірілген сома 557,6 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 88,6 млрд теңгеге артық. Мемлекет кірісіне 63,4 млрд теңге өндірілді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 10 пайызға жоғары, — деді ол ОКҚ-да өткен брифинг барысында.

    Сондай-ақ спикер 2025 жылғы басқа да статистикалық деректерге тоқталды.

    — Бұдан бөлек, мемлекеттік сот орындаушылары мемлекет кірісіне 3,4 млрд теңге көлемінде атқарушылық санкция өндіріп алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үштен біріне артық. Цифрлық сот орындаушысы жеңілдетілген өндіріс шеңберінде шамамен 10 млрд теңге өндірді. Жеңілдетілген өндіріс аясында жеке сот орындаушысының қызметіне ақы және атқарушылық санкция төленбейтінін ескерсек, азаматтар шамамен 2,4 млрд теңге жеке қаражатын үнемдеді, — деді ол.

    Previous ArticleПрезидент Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады
    Next Article Қарағандыда екі адам өлі күйінде табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.