Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Экономика»20 пайыздық қосымша құн салығының зардабы қандай? – саясаттанушы түсіндірді
    Экономика

    20 пайыздық қосымша құн салығының зардабы қандай? – саясаттанушы түсіндірді

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин29.04.202502 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөз

    Соңғы кездері қоғамда жиі талқыға түскен мәселенің бірі   қосымша құн салығы екені анық. 28 қаңтарда Премьер-министр Олжас Бектенов  бұл салықтың 12 пайыздан 20 пайызға дейін артуы мүмкін екенін айтқан болатын.  Бірақ бұл шешімге сала мамандары, жұртшылық және кейбір депутаттар қарсы болды. Олардың айтуынша, қосымша құн салығының артуы олардың тұрмысына тікелей әсер етпек. Осы мәселе бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 7-ақпанда отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтау жөнінде арнайы тапсырма берген еді. Президент Қ.Тоқаев қосымша құн салығын, яғни НДС-ты көтереміз дегендерге шүйлікті, деп жазады salemnews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

    Саясаттанушы Мақсат Жақаудың жазуынша 20 пайыздық құн салығы ел экономикасына зиян екенін жетесіне жеткізгендей.

    Нақтырақ айтсақ, 20 пайыз НДС-тің қандай зардабы болады?

    Біріншіден, экономикаға шектен тыс салмақ. Тауарлар мен қызмет қымбаттамақ, халықтың сатып алу қабілеті төмендемек. Бұл нақты әлеуметтік күйзеліске себеп.

    Екіншіден, НДС-тің өсуі табысты жасыратын кәсіпкерлердің көбеюіне әкелмек. Көлеңкелі экономика шарықтайды. Бюджетті осылай қампайтамыз деп, жиналатын салық мөлшері азаяды, жемқорлық көбеймек. Бұны түсіну үшін, экономист болудың қажеті жоқ. Бұнда, Қасым-Жомарт Кемелұлының 20 пайыз көп деуінің себебі осы. Артық қылып, тыртық қылмаудың қамы…

    Сондықтан, Үкіметке салық төлемінің балама жолын қарастырған жөн. Тұрмысқа керек тауар мен қызметті қосылған құн салығынан босатса, ал қымбат, «роскошный» тауар мен қызметке құн салығын көбейтсе, әлеуметтік әділеттілік болар еді.

    Президент айтты, бітті. НДС 20 пайызға өспейтін болды. Енді, жаңа ұсыныстарды күтейік, тек осы жолы практик кәсіпкерлерді, маман-сарапшыларды тартып, ортақ шешімді Үкімет бірге жасар деп үміттенеміз. Илегеніміз бір терінің пұшпағы ғой…, — деп жазды Мақсат Жақау.

    Қазақстан экономика
    Previous Article“4 жылда 160 адамды жұмыстан шығардым”: Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера театрының былығын әшкереледі
    Next Article Энергетиктер депутаттардың кесірінен Қазақстанда электр энергиясының тарифі негізсіз өсетінін айтып дабыл қақты
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    5 шақырым жол – 790 миллион теңге: Жетісу әкімдігі сынға ұшырады

    05.05.2025

    Қосылған құн салығы 16% болып белгіленді

    30.04.2025

    Энергетиктер депутаттардың кесірінен Қазақстанда электр энергиясының тарифі негізсіз өсетінін айтып дабыл қақты

    30.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.