Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ұл мен қыз тәрбиелейтін ұлттық бағдарлама қабылдау керек – Ардақ Назаров
    Жаңалықтар

    Ұл мен қыз тәрбиелейтін ұлттық бағдарлама қабылдау керек – Ардақ Назаров

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова11.06.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Парламент Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров елімізде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың көбейіп бара жатқанына алаңдап, Үкіметке нақты шаралар қабылдауды талап етті. Ол бұл мәселені тек құқықтық шеңберде емес, қоғамның рухани, мәдени дағдарысы деп бағалады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    “Кейінгі жылдары елімізде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында бұзақылық көбейгені біздің қоғамды қатты алаңдатып отыр. Бұл – тек құқықтық мәселе ғана емес, бұл – бүкіл қоғамның рухани-мәдени ахуалын, оның ішінде отбасылық құндылық пен мектептегі тәлім-тәрбиенің әлсірегенін көрсететін әлеуметтік құбылыс”, – деді ол Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында.

    Депутат елді дүрліктірген бірнеше оқиғаны мысалға келтірді:

    • Астанада 14 жастағы баланың 5 жастағы бүлдіршінге пышақ ала жүгіргені;
    • Семейде оқушылардың өз қатарласын ұрып-соққаны түсірілген видео;
    • Жаңаөзенде лицей оқушысының соққыға жығылып, ауруханаға түсуі.

    Бұл оқиғалар оқшау емес, жаппай үрдіске айналып бара жатқанын айтқан Назаров Бас прокуратураның дерегін алға тартты: 2024 жылы елімізде жасөспірімдер тарапынан 1890 қылмыс тіркелген. Бұл – күніне шамамен 5 бала құқық бұзушылыққа барады деген сөз.

    Назаров ІІМ жариялаған «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылын» құптағанымен, мәселе тек полициямен шешілмейтінін айтты. Оның айтуынша, қазір уақытша ұпай жинау мен көзбояушылық емес, ұлт болашағын айқындайтын нақты бағдарлама қажет.

    Осы орайда, депутат Үкіметке төрт нақты ұсыныс жолдады:

    • Құқық қорғау, білім және әлеуметтік қызметтердің байланысын күшейту;
    • Жасөспірімдер қылмысына қатысты бірыңғай статистика жүргізу;
    • Психологиялық және әлеуметтік қолдауға арналған арнайы бағдарлама әзірлеу;
    • Ұл мен қыз тәрбиесіне арналған ұлттық деңгейдегі кешенді бағдарлама қабылдау.

    “Ұрпақ тәрбиелеу – уақытша науқан емес, мемлекеттің мәңгілік міндеті”, – деді Ардақ Назаров.

    Ардақ Назаров Тәрбие
    Previous ArticleҚазақстан Президенті мен Словакия Премьер-министрі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
    Next Article ЛРТ-ның алғашқы вагондары рельстерге қойылып жатыр
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда

    21.06.2025

    Шымкентте «шоколадпен қапталған құлпынайды» жалған жарнамалағандар сотталды

    20.06.2025

    Польша чемпионатында ойнаған Георгий Жуков келіссөз жүргізу үшін Ақтөбеге келді

    20.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.