Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Үш қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді
    Жаңалықтар

    Үш қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова26.06.202512 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Olympic.kz

    Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте (Венгрия) болған Әлем чемпионатынан кейін спортшылардың әлемдік рейтингін жаңартты. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, үш қазақстандық спортшы өз салмақ дәрежесінде үздік 10 дзюдошының қатарына енді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, әйелдер арасындағы бәсекеде отандық дзюдо тарихында алғаш рет финалда белдесіп, күміс жүлдегер атанған Әбиба Әбужақынова (48 кг) рейтингте екі саты жоғарылап, 5662 ұпаймен ІІ-орынға жайғасты.

    Ерлер арасында Париж Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Елдос Сметов (9-орын) биылдыққа татамиге шықпаса да, әлі де әлемнің ең үздік 10 дзюдошының қатарында тұр. Сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатындағы нәтижесіне байланысты рейтингте 7 саты көтеріліп, ТОП-10 палуанның қатарына қосылды.

    Бұдан бөлек, 60 келідегі Мағжан Шамшадин 19-орынға көтерілсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Нұрлыхан Шархан (100 кг) рейтингтегі орындарын сақтап қалды. Абылайхан 14-орында, Нұрлыхан 26-орында тұр. Әлем чемпионатында 90 келіде белдескен Мейірлан Максим бірден 36 саты көтеріліп, 41-орынға жоғарылады. Ол жаһандық доданың 1/8 финалында төрт дүркін әлем чемпионы (үшеуі командалық сайыста) жапониялық Гоки Тадзимадан жеңіліп қалған еді.

    100 келіден жоғары салмақта белдесетін Ерасыл Қажыбаев та әлем чемпионатынан кейін жағдайын жақсартып алды. Рейтингте 7 сатыға жоғарылап, ТОП-20 дзюдошының қатарына қосылды.

    Айта кетсек, Мажарстан астанасы Будапештте 20 маусымда ересектер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы бір күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 11-орынға ие болды.

    дзюдо Олимпиада Рейтинг
    Previous ArticleДепутат мектеп директорларын негізсіз жазалауға қарсы шықты
    Next Article Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Бас прокуратурада есірткі бизнесінің жаһандық сын-қатерлерін талқылады

    26.06.2025

    Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

    26.06.2025

    Депутат мектеп директорларын негізсіз жазалауға қарсы шықты

    25.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.