Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Үкімет басшысы Павлодар мен Абай облыстарында шыққан өртке кінәлілерді анықтап жазалауды тапсырды
    Жаңалықтар

    Үкімет басшысы Павлодар мен Абай облыстарында шыққан өртке кінәлілерді анықтап жазалауды тапсырды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин15.04.202512 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: pixabay.com

    Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында Павлодар және Абай облыстарында шыққан өртке кінәлілерді анықтап, жазалауды тапсырды, деп жазды salemnews.kz

    Айтуынша, орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері өрттің шыққаны туралы тез арада хабар бермеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Премьер-министр Павлодар және Абай облыстарында болған өрт кезінде Мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі орындалмағанын алға тартты.

    «Мысалы, Абай облысында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері төтенше жағдайлар, ішкі істер және қорғаныс министрліктеріне өрттің шыққаны туралы тез арада хабар бермеген. Павлодар облысында да дәл осындай жағдай болды.

    Экология, төтенше жағдайлар және ішкі істер министрліктеріне осы екі өңірдегі өрттің шығу себептерін тексеріп, тиісті шаралар қабылдауды және кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тартуды тапсырамын», – деді премьер-министр.

    «Қазгидрометтің» болжамынша, биыл жаз мезгілі ыстық әрі құрғақ болады. Әсіресе еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі күшеюі мүмкін.

    Бектеновтың айтуынша, дала мен орман алқаптарында қазірдің өзінде күнде өрт шығып жатыр. Сол себепті барлық қызмет шұғыл қимылдап, үйлесімді әрекет етуі қажет екенін ескертті.

    “Тексеріс көрсеткендей табиғи өрттердің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары барлық өңірде бірдей тиісті деңгейде іске асырылып отырған жоқ. Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы елдімекендердің айналасынан минералды белдеу жасау жұмыстары басталмаған. Далалы жерлерде, орманда өрт шығатын болса, ауылдарға тікелей қауіп төндіреді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында елдімекендердің аумағын қураған шөптер мен қоқыстардан тазарту жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілмеген.

    Одан бөлек, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қосанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарыың орман мекемелері өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес. Осыған байланысты өңір әкімдерне биылғы маусымға дайындық жұмыстарын күшейтуді және бұл мәселені тікелей бақылауға алуды тапсырамын», – деді үкімет басшысы.

    Еске салсақ, Қазақстанның екі облысында өрт аумағы он есе ұлғайып, 31 мың гектарға өскені туралы хабарлаған едік.

    Абай Павлодар Үкімет
    Previous ArticleПрезидент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
    Next Article «Аяқтан шалып, бір адамның өмірін құртты»: Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қыздарға интим хаттар жазбағанын айтып, ақталды
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.