Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда
    Жаңалықтар

    Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда

    SalemnewsSalemnews21.06.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары Қызылорда облысында сәтті жүзеге асырылуда.

    Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласы соңғы жылдары қарқынды құрылыс алаңына айналды. Инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағытында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Қаланың сәулеттік келбеті жаңарып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

    Бүгінде қала аумағында 42 демалыс саябағы мен сквер-аллея бар. Бұл орындардың барлығы да жаңғыртылуда. Мақсат – Қызылорданың туристік әлеуетін арттыру, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз демалыс орындарын ұсыну.

    Қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени және демалыс паркі заманауи архитектуралық үлгімен безендіріліп, жаңа субұрқақтар, амфитеатр, скейтпарк, балалар мен ересектерге арналған ойын алаңдарымен  толықты.

    Бұған қоса, қаладағы халық көп серуендейтін ҚР Тұңғыш Президенті паркі, Б. Шөкенов атындағы саябақ және Қорқыт Ата мемориалдық ескерткіш кешені саябағы қайта жаңғыртудан өтуде.

    Қаланың шырайын ашатын басты орындар – орталық алаң мен бірқатар скверлер де заманауи талаптарға сай қайта жаңарды. Жаңа жарық шамдары, сәндік гүлзарлар, субұрқақтар мен жайлы орындықтар орнатылып, бұл аумақтар қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз демалыс орнына айналды.

    «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылы толық жаңғыртудан өтіп, екі жолақтыдан төрт жолақтыға кеңейтілді. Ұзындығы 7 шақырымды құрайтын көше бойына жарық бағандары, аялдамалар, веложолақтар және жаяу жүргіншілер жолы салынды.

    Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда.

    Қызылорда Шаһар
    Previous ArticleШымкентте «шоколадпен қапталған құлпынайды» жалған жарнамалағандар сотталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Шымкентте «шоколадпен қапталған құлпынайды» жалған жарнамалағандар сотталды

    20.06.2025

    Польша чемпионатында ойнаған Георгий Жуков келіссөз жүргізу үшін Ақтөбеге келді

    20.06.2025

    Ay Yola тобының солисі Forbes-тің рейтингіне енді

    20.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.