Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Мәселе»Қорғаныс министрлігі Балқаштағы радиолокацияны 1 миллиард теңгеге сатпақ
    Мәселе

    Қорғаныс министрлігі Балқаштағы радиолокацияны 1 миллиард теңгеге сатпақ

    SalemnewsSalemnews09.04.202451 Min Read
    Фото: t.me/fund_anticorr
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Әскери құрылыс» АҚ бір кездері әскери-стратегиялық объектілерге жататын жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден аса жылжымайтын мүлік пен тауарлық-материалдық құндылықтарды сауда-саттыққа шығарды. Жемқорлықты тергеу қор-бюросы (ФБР) аукционның қалай жүргізіліп жатқанын зерттеп көрді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қазіргі кезде атышулы компанияның жалғыз акционері – Қорғаныс министрлігі. «Әскери құрылыс» АҚ тұрғын үй құрылысына маманданған.

    Фото: t.me/fund_anticorr

    Жемқорлықты тергеу қор-бюросының мәліметінше, 2013 жылдан бастап бұл мекеме әртүрлі бұзушылықтар бойынша қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ИРФР) назарын өзіне 6 рет аударған. Ал 2023 жылы компанияға қатысты 350-ден аса сот ісі жүргізілді.

    Бұл жолы «Әскери құрылыс» командалық-есептеу орталығы (6 694,5 ш.м.), радиолокациялық орталықтың (10011,8 ш.м.), 2ПА антенналық құрылғыға арналған баспананың (жалпы ауданы 14 203,8 ш.м.) және 2 876 дана тауарлық-материалдық заттарды сатқалы жатыр.

    Лоттың бастапқы бағасы шамамен 3 миллиард теңгеге саудаланған. Бірақ аукцион бағасы төмендеп, 2023 жылғы 9 қазандағы бағалауға сәйкес жалпы бағалау құны 1 миллиард теңгеден асты. Өтінімдерді қабылдау 9 сәуірде аяқталады.

    Аукционда ұсынылған технологиялық құрылыстар мен өзге де тауарлар Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал кентінің жанында Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Лоттың құжаттамасында ұсынылған картаға қарағанда объектілер «Балқаш» торабына кіреді.

    Previous ArticleАстанада 11 жастағы баланың ауызы мен тісінің арасына шаш өскен
    Next Article «Әйелдің дене мүшесін сындырып қоймайтындай деңгейде нұқып алу керек»: Имамның сөзі көпті шамдандырды (ВИДЕО)
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.2025

    Дженнифер Лопестің концерті Астанада қашан өтеді?

    08.04.2025

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.2024
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.