Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесуі жайлы
    Жаңалықтар

    «Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесуі жайлы

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова17.06.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: парақшадан алында

    Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген “Орталық Азия – Қытай” саммитінің іс-шараларына қатысты. Салтанатты кеште әнші қабылдаушы елдің мәдени өкілі ретінде жиында өзінің репертуарындағы қытай тіліндегі ең әдемі лирикалық әндердің бірі – «荆棘王冠» / «The Crown» әнін орындады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бұл ән қазақстандық композитор Ұлықпан Жолдасовтың 2017 жылы Астанада өткен жеке концертінде алғаш рет орындаған «Кім екен» шығармасының қытайлық нұсқасы.

    Қытайға сапар жасамастан бұрын, жас кезімде мен Қытай мәдениетін Джеки Чанмен, Брюс Лимен, кунг-фумен байланыстырған болатынмын. Бірақ мен жұмыс сапарыммен барып, Қытайда өмір сүрген кезімде менің бұл елге деген қабылдауым өзгерді. Мен қытай халқының қонақжайлылығы мен еңбекқорлығына ерекше таң қалдым. Азия елдерінің өкілдері болғандықтан біздің дәстүріміз бен тәрбиемізде ұқсасытықтар бар. Мысалы үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты түсініктер – бізді жақындастырады. Сондай-ақ бізді білімге, мәдениет пен ғылымға деген ұмтылыс біріктіреді, — дейді Димаш қытайлық CGTN арнасына берген сұқбатында.

    Димаш Құдайберген еліміздің мәдениетін танытушы өкіл ретінде шығармашылық сыйын бірнеше рет ұсынғанын еске алды.

    Оның сөзінше, 2017 жылы Бейжіңде түсірілімдерге түсіп, іс-шараларға қатысып жүргенінде шақырту алған. Ұйымдастырушылар Си Цзиньпиннің Астанаға келетіні және еліміздің құрметті қонағы болатыны туралы айтқан. Сөйтіп Димаштан қазақша, қытайша 1-2 ән орындап беруді өтінген.

    Әрине біз өз еліміздің мәдениетін танытушы өкіл ретінде Қытай халқының қолдауын ескере отырып, шығармашылық сыйымызды бір емес, бірнеше рет ұсындық. «Жасмин» әні Қытай мәдениетінде ерекше орын алатындықтан, оны кез-келген адам орындай алмайды. Бұл әнді орындаудың өзі үлкен мәртебе болып саналады. Сондықтан ұйымдастырушылар дәл сол әнді ұсынған болатын. Мен оны барынша жоғары деңгейде орындауға тырыстым. Қойылымнан кейін Си Цзиньпин мырза қасыма келіп, қолымды қысып, алғысын білдіріп, Қытайдағы да, шетелдегі де жетістіктеріммен құттықтап, «Әрдайым табыс тілеймін», – деген жылы лебізін білдірді. Содан бері өнерімді жоғары бағалайды. Маған жұбайы екеуі және бүкіл отбасымен менің өнерімді ерекше құрметтейтінін айтып, шынайы лебізін білдірді. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік, — дейді әнші.

    Димаш халық игілігі үшін, мемлекетаралық мәдени байланыстарды нығайту жолында өнерін көрсетуге әрқашан дайын екенін жеткізді.

    Си Цзиньпин мырзаға қазақ мәдениетіне және қазақ тіліндегі әндерге деген құрметі үшін алғысымды білдіргім келеді. Ең маңыздысы, әрине, екі елдің достығының беріктігі. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың дамып, одан әрі тереңдей беруін тілеймін. Әрбір қолайы келген сәтте көпшіліктің алдында айтып қалуға тырысамын: әлемде бірлік, келісім, теңдік болсын. Ең бастысы – бейбітшілік, — деп айтты әнші.

    Димаш Си Цзиньпин Тілек
    Previous ArticleТоқаев Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тарту туралы шешім қабылдады
    Next Article Қытай инвестициясы Қазақстанның экономикалық өсіміне маңызды үлес қосып келеді – Тоқаев
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің немересі жайлы айтты

    19.06.2025

    QS 2026 рейтингі: Abai University 43 позицияға көтерілді

    19.06.2025

    Президент Stadler Kazakhstan зауытымен танысты

    19.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.